28.06.2011, 18:05 5885

ОҚО Созақ ауданы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ОҚО Созақ аудандық шенеуніктерінің пара алуының қос фактісі бойныша ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері (ЭҚСЖҚКД) (Қаржы полициясының) қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ЭҚСЖҚКД баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова мәлім етті.

Шымкент. 28 маусым. Kazakhstan Today - ОҚО Созақ ауданы әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ОҚО Созақ аудандық шенеуніктерінің пара алуының қос фактісі бойныша ОҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері (ЭҚСЖҚКД) (Қаржы полициясының) қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ЭҚСЖҚКД баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова мәлім етті.

"23 маусым күні Шымкент қаласындағы кафелердің бірінде Созақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары Болат Айдарбеков және осы аудандағы Степной поселкесінің әкімі Жомарт Белқожаев пара алу үстінде қаржы полийцейлерінің қолына түсті", - деп Ж. Мамытова мәлім етті.

Сондай-ақ оның айтуынша, қаржы полициясына Созақ ауданының кәсіпкер тұрғыны шенеуніктер өзінен пара талап етіп отырғанын жеткізіпті. "Оперативтік шаралар барысында бұл ақпарат раталып, шенеуніктер қамауға алынды", - деді ол.

Шенеуніктер Степной поселкасында кәсіпкерге сауда үйі мен жылыжай салуға жер бөлу үшін, ауыл әкімі одан 3 мың АҚШ доллары, аудан әкімінің бірінші орынбасары 4 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі пара алмақшы болғандығы үшін айыпталып отыр.

"Одан басқа, Айдарбеков сол кәсіпкерден бақ егу үшін 10 га жер бөлгені үшін $3 мың пара алған деп айыпталып отыр", - деді қаржы полициясының өкілі.

Ұсталғанның екеуіне де қатысты аса ірі мөлшерде пара алғандығы үшін қылмыстық іс қозғалған. "Одан басқа, Айбарбековқа қатысты бірнеше рет пара алғандығы үшін қылмыстық іс қозғалды. Айыптылар сот рұқсатымен қамауға алынды", - деді баспасөз хатшысы.

Осы оқиғаны қоса есептегенде ОҚО ЭҚСЖҚКД жыл басынан бері 5 ауыл әкімдері мен 1 ауданның әкім орынбасарына қатысты 10 жемқорлық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны