21.02.2018, 12:38 8247

ОҚО-да Алғыс айту күніне орай 10 күндік өтеді

Бұдан бөлек, 23 ақпан - Көршіге ізет, 25 ақпан - Құрмет, 26 ақпан - Өлкетану, 27 ақпан - Келісім, 28 ақпан - Ықылас, 1 наурыз - Алғыс айту күні деп белгіленіп, әр күндері атауына сай шаралар өтетін болады

Шымкент. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаевтыӊ бастамасымен өӊірде биыл 1 наурыз - Алғыс айту күні ретінде аталып өтілмек. Жаӊа мазмұнда өткізілетін мерекелік шаралар оӊтүстікте 20 ақпаннан басталып, 1 наурызға дейін 10 күн бойы жалғасады. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығыныӊ меӊгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, елді бірлікке үндейтін мерекеніӊ түпкі мәні - кезінде түрлі себептермен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерініӊ мемлекет құраушы ұлтқа алғыс айтуын көздейді. Он күндік мерекені жер-жерлерде ұйымдастыру мен өткізудіӊ тұжырымдамасы әзірленіп, әр күнге арнайы атаулар берілген.

"20 ақпан - Тарихқа тағзым күні деп белгіленді. Бұл күні облыста, аудан, қала орталықтарында қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардыӊ өткені мен бүгіні туралы арнайы көрме өткізіледі. Сондай-ақ, Шымкенттегі "Қазақ еліне мыӊ алғыс" монументі алдында арнайы іс-шара ұйымдастырылып, тарихқа тағзым жасалады", - деді Мұратәлі Оразалыұлы.

Сонымен қатар, 21 ақпан - Қайырымдылық күнінде облыс аумағында "Жан жылуы" тақырыбында акция ұйымдастырылып, жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көмек беріледі. 22 ақпан - Шабыт күнінде "Ынтымағы жарасқан Қазақстан" тақырыбында өӊірдегі қолөнер бұйымдары мен шығармашылық өнер туындылары көрмесі ұйымдастырылмақ.

Бұдан бөлек, 23 ақпан - Көршіге ізет, 25 ақпан - Құрмет, 26 ақпан - Өлкетану, 27 ақпан - Келісім, 28 ақпан - Ықылас, 1 наурыз - Алғыс айту күні деп белгіленіп, әр күндері атауына сай шаралар өтетін болады.

Айта кетерлігі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өӊірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Өӊір тұрғындарыныӊ ұлттық құрамы бойынша 72,9 пайызын - қазақтар, 16,8 пайызын - өзбектер, 4,5 пайызын - орыстар, ал 5,7 пайызын - өзге этностар құрайды. Облыста қалыптасқан этносаралық ахуалды саралау мақсатында социологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, медиация институтын нығайтуда өӊірдегі 57 кәсіби және 485 кәсіби емес медиатормен байланыс орнатылған. Өткен жылы облыс бойынша медиация рәсімімен шешілген 8 мыӊнан астам даудыӊ 84 пайызы медиаторлардыӊ араласуымен реттеліп, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есе артып отыр.

Алдағы уақытта Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ толыққанды жаӊарған этнокартасы дайындалып, өӊірдегі ассамблея қызметі туралы кітап әзірленетін болады. Сондай-ақ, биыл 5 аудан, қала аумағында "Достық" үйлері ашылады. Облыс басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, "Ир этностыӊ бренді" жобасы аясында ассамблея алаӊында тұрақты шеберлік дәрістері мен ашық көрмелер ұйымдастырылмақ.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны