10.01.2018, 22:57 5138

ОҚО-да биыл 67 медициналық нысанныӊ құрылысы жүргізілмек

Оӊтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 67 медициналық нысанныӊ құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ кеӊейтілген мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті.

Шымкент. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 67 медициналық нысанныӊ құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігініӊ кеӊейтілген мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Мұқан Егізбаев мәлім етті. Егер аталған жоба іске асса, облыстағы медициналық нысандардыӊ қажеттілігі толық қамтамасыз етілмек.

Басқарма басшысыныӊ айтуынша, былтырғы жылы өӊірде 33 денсаулық сақтау нысаныныӊ құрылысы жүргізілген. 2018 жылы тағы да 9 медициналық, оныӊ ішінде 6 емхана мен 1 ауылдық емхана және 2 дәрігерлік амбулаторияныӊ құрылысы жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында Шымкент қаласында 3 емхана құрылысы бастау алмақ.

Мәжіліс барасында облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Абдрахман Тасыбаев 2017 жылғы бюджеттіӊ атқарылуын баяндады. Облыс бойынша 2017 жылдыӊ қорытындысымен мемлекеттік бюджеттіӊ кірістер жоспары 102,1 пайызға орындалған. Жоспардан тыс 6,5 млрд.теӊге қосымша кіріс түскен. Оныӊ ішінде республикалық бюджет 101,3 пайызға орындалып, 2,5 млрд.теӊге артық түсім байқалған. Ал жергілікті бюджеттіӊ кірістер жоспары 103,4 пайызға орындалып, түсім 4 млрд.теӊгеге көбейген.

"2016 жылдыӊ қорытындысымен салыстырғанда түсімдер 18,4 млрд.теӊгеге өсіп отыр" , - деді облыстық қаржы басқармасыныӊ басшысы Абдрахман Тасыбаев.

Мәжілісте жекешелендіруді жүргізу барысы туралы баяндаған Абдрахман Батырбекұлы 2017 жылы жекешелендіруге жататын 21 нысанныӊ 10-ы жалпы 557,63 млн.теӊгеге сатылғанын жеткізді. Жалпы былтыр облыстық коммуналдық меншіктегі мүлікті сатудан облыстық бюджетке 129,9 млн.теӊге түскен.

Өз баяндамасында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Арман Сәбитов жоспарлы кезеӊге арналған бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау барысында қолданыстағы бюджеттік заӊнама талаптарын қатаӊ сақтауды ұсынды.

Жиынды қорытқан өӊір басшысы бюджеттіӊ атқарылуына баса назар аударып, жекешелендірудіӊ кешенді жоспарын белгіленген мерзімде өткізуді, республикалық қаржылардыӊ қысқаруына жол бермеуді және денсаулық сақтау жөніндегі перспективалық жоспарды "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасымен үйлестіре отырып іске асыруды тапсырды.

"Денсаулық сақтау жүйесініӊ инфрақұрылымын дамытуда мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетіктерін барынша қолдану қажет. Осы ретте биыл атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, нақты іс-әрекет жоспарын бекітуді тапсырамын",- деді Жансейіт Қансейітұлы, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны