18.05.2015, 13:34 3854

ОҚО-да демалуға барған әйел таудан құлап кетіп, ажал құшты

ОҚО ТЖД құтқару жасағыныӊ ресми өкілі Павел Вишенин хабарлағандай, жазатайым оқиға жексенбі күні шымкенттік кәсіпорын қызметкерлері табиғат аясына демалуға шыққан кезде орын алған

Шымкент. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында әйел адам таудан құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ОҚО ТЖД құтқару жасағыныӊ ресми өкілі Павел Вишенин хабарлағандай, жазатайым оқиға жексенбі күні шымкенттік кәсіпорын қызметкерлері табиғат аясына демалуға шыққан кезде орын алған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"20 адамнан тұратын компания тауға барып, өзен жағалауы бойымен көтерілмек болған. Сол сәтте 1954 жылы туылған Шымкент тұрғыны аяғы тайып кетіп, 15 метр биіктіктен құлап кеткен", - деді П.Вишенин.

Куәгерлер әйелді құтқара алмаған. Сондықтан дереу құтқарушыларды шақырған. ТЖД қызметкерлері альпинистік жарақпен төмен түсіп, қаза тапқан әйелдіӊ денесін алып шықты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны