01.09.2016, 10:17 2054

ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі 20 азаматқа электронды арба берілді

Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына орай "Мейрімді жүрекпен" акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат күн сәулесімен жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Шымкент. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына орай "Мейрімді жүрекпен" акциясы аясында 20 мүмкіндігі шектеулі азамат күн сәулесімен жүретін электронды арбамен қамтамасыз етілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бұл игі іс - қала әкімдігі мен Халықаралық қазақ-түрік университетініӊ өкілетті кеӊесі арасында түзілген меморондум негізінде жүзеге асып отыр. Қайырымдылық шараға қала әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбай, ХҚТУ-ніӊ вице-президенті Мустафа Нурсай, Түркия Республикасы ТИКА ұйым өкілі Сатылмыш Невзатулла, қалалық мәслихат хатшысы Т. Балабиев, қалалық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы және "АСАР" облыстық мүгедектер қоғамдық бірлестік мүшелері қатысты.

Аталған электронды арба қолмен емес, күн сәулесімен жүргізіледі. Күн сәулесімен жүретін бұл құрылғы 30 шақырым жерге дейін жүруге мүмкіндік береді. Бір электронды арбаныӊ құны 800 АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны