08.09.2016, 13:33 3653

ОҚО-ныӊ Бәйдібек ауданында 15 көше жөнделді

Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығыныӊ орталық көшелеріне 2500 түп ағаш отырғызылып, 7 мыӊ дана раушан гүлі мен 13 мыӊ түп гүлді өсімдіктердіӊ түйнектері егілді.

Шымкент. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бәйдібек ауданыныӊ орталығы - Шаян елді мекенінде жыл басынан бері тындырымды тірліктер атқарылып, ауылдыӊ ажары арта түсті, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Автокөліктерге арналған 6 көше кеӊейтіліп, 7 жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаӊадан аяқжол (тротуар) төселді.

Аудан орталығыныӊ сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудыӊ нәтижесінде, көше бойындағы жиектер (бордюрлар) жаӊартылып, су ағатын арықтар орнатылды.

Бәйдібектегі орталық көшелер де жаӊарған. Онда бүгінге дейін 10 орталық көшеніӊ қақпасы (арка) жаӊадан орнатылып, 10 гүлзар бой көтерді. Мұнан бөлек, мекемелердіӊ алдында автокөліктерге арналған 10 автотұрақ салынды.

Сондай-ақ, аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді.

Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығыныӊ орталық көшелеріне 2500 түп ағаш отырғызылып, 7 мыӊ дана раушан гүлі мен 13 мыӊ түп гүлді өсімдіктердіӊ түйнектері егілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны