02.04.2018, 16:26 3914

Омбудсмен халықты тегін дәрі-дәрмектертермен қамтамасыз ету саласында қалыптасқан жағдайға байланысты Бас прокурорға жүгінді

Қалыптасқан жағдайда, ауыр сырқаттардан зардап шегетін амбулаторлық науқастарды өмірлік маӊызы бар препараттармен қамтамасыз ету, кейінге қалдыруға болмайтын мәселе болып қала бермек

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров мемлекетпен кепілдендірілген тегін медициналық көмектіӊ аясында халықты дәрілік қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу өтінішімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтыӊ атына үндеу хат жіберді.

Ертеректе белгілі болғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жоғарыда мәселені шешу бойынша нақты ұсыныстармен Денсаулық сақтау министріне жүгінген.

Аталмыш ведомство өкілдерініӊ ағымдағы жылғы 29 наурызда БАҚ-та хабарлаған ақпараты бойынша, қазіргі уақытта мемлекет емделушілерге беруге уәде берген дәрі-дәрмектердіӊ 95% атауы сатып алынған.

Денсаулық сақтау реформасыныӊ бағыттарыныӊ бірінде Мемлекет басшысы - қашық диагностика мен амбулаториялық емдеуге көшуін айқындады, бұл дәріханаларда және емханаларда дәрі-дәрмектерді үздіксіз жабдықтауды көздейді.

Сонымен қатар, бұл мәселе бүгінгі күнге дейін тиісті түрде жүзеге асырылмағаны туралы азаматтардыӊ жалғасып келе жатқан шағымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдары Омбудсменніӊ алаӊдаушылығын тудырады.

Аталмыш дәрілік препараттарын жеткізудегі кідірістер еліміздіӊ көптеген өӊірлерінде байқалады. Мұны жеке өӊірлік медицина қызметкерлерініӊ мәлімдемесі дәлелдейді.

Қалыптасқан жағдайда, ауыр сырқаттардан зардап шегетін амбулаторлық науқастарды өмірлік маӊызы бар препараттармен қамтамасыз ету, кейінге қалдыруға болмайтын мәселе болып қала бермек.

Көрсетілген жағдайдыӊ мәнмәтінінде, Омбудсмен Қазақстан Республикасыныӊ "Прокуратура туралы" (6-б., 4-т.) Заӊына сәйкес, халықтыӊ өмірі мен денсаулығы үшін қайтымсыз салдардан азаматтардыӊ құқықтары мен заӊды мүдделерін қорғау мақсатында, қадағалау тәртібінде мемлекеттік және өзге де органдардыӊ, мекемелердіӊ және лауазымды тұлғалардыӊ қызметін тексеріс жүргізу орынды деп есептейді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны