23.04.2015, 18:17 4233

Өӊірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайларыныӊ мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып Комитеттіӊ ресми өкілі Руслан Юрьевич Иманкулов сөз сөйледі

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитетінде өӊірлердегі су тасқыны жағдайларыныӊ мәселелері бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып Комитеттіӊ ресми өкілі Руслан Юрьевич Иманкулов сөз сөйледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлық жерде ҚР ІІМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарыныӊ бірлескен тәулік бойғы кезекшілігі жүргізілуде.

Сондай-ақ республикадағы су тасқыны ахуалын бағалау үшін қазақстандық спутниктермен жерді қашықтықтан зондтау деректері қолданылуда.

Су тасқынына ұшырағыш өӊірлерде су айдау, тұрғын үй мен жол аумақтарын инертті материалдармен үю және қоршау бойынша жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысында Целиноград ауданы Жаӊажол ауылынан эвакуацияланған адамдар туыстарында және эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. Қазіргі уақытта Ақмол ауылыныӊ № 5 мектепте Жаӊажол ауылыныӊ 48 тұрғыны тұрып жатыр. Ауылда эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындар қалды. Елді мекенде 9 бірлік техникасы мен 6 қайығы бар 33 құтқарушы тәулік бойы кезекшілікте. Үйлері мен мүлкін тексеруі үшін құтқарушылар күн сайын адамдарды ауылға және кері қарай қайықпен өткізуде. Су бұру каналдарын жасау, уақытша бөгендер тұрғызу, инертті материалдармен құм салынған қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлерініӊ тәулік бойы кезекшілігі жүргізілуде. Бүгінгі күні Жаӊажол ауылындағы ахуал қалыпқа келуде, су деӊгейініӊ төмендегені байқалады.

Осындай жұмыстар 29 тұрғын үйді су басып қалған Ағанас ауылында да жүргізілуде.

Ақмол ауылында 3 тұрғын үй су астында қалып отыр. Тасқын суға қарсы жедел штаб ауыл әкімдігініӊ ғимаратына орналасты, сол жерден ахуалды мониторингтеу және су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жүргізілуде. Сондай-ақ Штаб зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуді көздеуде. ІІМ бөлімшелерініӊ күштері тәулік бойы кезекшілікте. Ауылдан 1200 текше метр су айдалды, 160 метр уақытша бөген тұрғызылды. Ақмол ауылында құтқарушы бөлімшелер мен аудандық ішкі істер бөлімініӊ барлығы 37 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Бірлік кентіндегі жағдай тұрақтандырылды, су деӊгейі 1,1 метрге төмендеді. Кентте су астында қалған үйлер жоқ.

Қараөткел ауылында тұрғын үйлердіӊ айналасын инертті материалдармен қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Целиноргад ауданыныӊ Қосшы, Тайтөбе, Р. Қошқарбаев, Шнет, Қызылжар, Жалғызқұдық, Талапкер, Қаражар елді мекендерінде, Қорғалжын ауданыныӊ Қорғалжын ауылында, Ягодное және Атбасар қ. Астрахан ауданыныӊ Старый Колутон ауылдарында мониторинг және су айдау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.

Қарағанды облысында Бұқар Жырау ауданы Г.Мұстафин атындағы кентте 382 тұрғын эвакуацияланған жерде қалып отыр. Өткен тәулікте тағы 511 адам үйіне қайтып келді. Су айдау, аумақты тазалау жұмыстары жалғасуда, қадағалау бекеттері орнатылды. Тамақтандыру пункттері мен медициналық орталықтары жұмыс істеуін тоқтатқан жоқ. Жұмыстарға құтқарушы бөлімшелердіӊ, ішкі істер органдарыныӊ, жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтердіӊ 355 адамы, 47 бірлік техникасы, 3 мотопомпасы жұмылдырылды.

Нұра ауданы Тассуат ауылыныӊ 41 тұрғыны өз үйлеріне қайтып оралды. Бүгінде 15 адам эвакуацияланған орындарында қалып отыр. Құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік етуде. Бір тәулікте су деӊгейі 220 см төмендеді.

Құтқару бөлімшелері Қарой ауылында да тәулік бойы кезекшілікті жалғастыруда.

Ақтоғай ауданы Қарасу ауылында аудандық ішкі істер бөлімі күштерімен патрульдеу және су деӊгейін қадағалау жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Бесқарағай ауданы Глуховка ауылында 2 тұрғын үйді су басқан. 17 адам туысқандарына уақытша жеткізіліп орналастырылды. Инертті материалдары бар қаптар қойылып жатыр, суды сору және бұру жүргізілуде. Жергілікті жерлерде құтқару бөлімшелерініӊ, жергілікті атқарушы органдардыӊ және полицияныӊ 45 адамы және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Солтүстік Қазақстан облысында Аққайыӊ ауданы Қиялы ауылындағы суды бұру арналарын орнату бойынша жұмыс толығымен аяқталды.

Есіл ауданыныӊ Корнеевка ауылында инертті материалдар тасу, үйлерді жаӊарту және суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Республиканыӊ 3 облысында 11 автожол учаскесінде су ағулар сақталған, оныӊ ішінде Ақмола облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 4 және қарағанды облысында - 2. Жергілікті жерлерде ескерту белгілері қойылған, балама жол қозғалысы ұйымдастырылды.

Барлық жерлерде жол төсемі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны