15.06.2015, 17:27 3788

Оӊтүстік астананыӊ ХҚКО-дарында 17 нен 19 маусымы аралағында ақысыз, анонимді және құпия түрде АИТВ статусын анықтау мақсатында науқан өтіп жатыр

Науқанды ұйымдастырушыр - Алматы қаласы ЖИТС-тіӊ алдын алу және оған қарсы күрес орталығы. Іс-шараны өткізудегі мақсат - АИТВ мәселелеріне тұрғындардыӊ назарын аудару, инфекцияныӊ таралу жолдары мен сақтану тәсілдерін үйрету, салауатты өмір салтын сақтау мен өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру

Алматы. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Науқанды ұйымдастырушыр - Алматы қаласы ЖИТС-тіӊ алдын алу және оған қарсы күрес орталығы. Іс-шараны өткізудегі мақсат - АИТВ мәселелеріне тұрғындардыӊ назарын аудару, инфекцияныӊ таралу жолдары мен сақтану тәсілдерін үйрету, салауатты өмір салтын сақтау мен өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Тесттен өту арқылы өзіӊніӊ АИТВ статусыӊды білу,- дейді ЖИТС орталығыныӊ бас дәрігері ТалгатБапиев, - аурдыӊ алдын алудағы еӊ басты мақсат қана емес сонымен қатар, емделуді дер кезінде бастаудыӊ жолы. Бұндай науқандар біздіӊ қаламызда жиі -жиі бизнес құрылымдар, студенттер мен адамдар көп жиналатын қала базарларында өтіп тұрады.

17 маусым күні Жетісу ауданы ХҚКО-ныӊ келушілері мен қызметкерлері ақысыз, анонимді және құпия түрде АИТВ статусын анықтау мақсатында тесттен өтіп өздерін толғандырған сұрақтарына жауап пен кеӊестер ала алады. Осындай мүмкіндіктерді 18 маусымда түрксібтіктер мен 19-на алатаулықтар ала алады. Науқанныӊ басталу уақыты - 14.00. Бұндай мүмкіндіктерді бұрынырақ Медеу және Алмалы ауданы тұрғындары да көрген. Тест өткізуге ЖИТС орталығыныӊ арнайы мобильді зертханасы шығып 125 алматылықты экспресс-тесттен өткізген еді. Олар жеке арнайы кеӊестер алып, АИТВ инфекциясы жайында ақпараттық парақтарға ие болды.

Соӊғы жылдары оӊтүстік астанамызда өзініӊ АИТВ статусы жайын білгісі келетіндер саны өсу тенденциясына ие болуда. 2014 жылдыӊ 5 айында алматылықтардыӊ 112 -сі осы қызметке жүгінсе, осы жылдыӊ басынан бері білгісі келетіндер саны 124-ке жетті. Бүгінгі күнге алматылықтардыӊ әрбір 12 -сі өзініӊ АИТВ статусын біледі. Бұл көрсеткіш республикалық тұрғыдан жоғары.

АИТВ инфкекциясына тесттен өтудіӊ бірнеше артықшылықтары бар, ол өз статусын біліп қана қоймай қажетті талаптар мен шешімдер қабылдауға және оны дер кезінде шешуге жол ашатын бірден бір тиімді жол.

Алматы қаласы ЖИТС орталығы Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны