24.09.2016, 08:47 4313

Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

Облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Садыр бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген адамдардыӊ басым көпшілігі екінші деӊгейлі банктерге кепілдікке қойылған баспаналарын қайта қаржыландыру мәселесін көтерді.

Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімініӊ орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Садыр бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген адамдардыӊ басым көпшілігі екінші деӊгейлі банктерге кепілдікке қойылған баспаналарын қайта қаржыландыру мәселесін көтерді.

Аймақ тұрғындарыныӊ мәселесін мұқият тыӊдаған облыс әкімініӊ орынбасары қайта қаржыландыру жұмыстарын түсіндіре отырып, алдағы уақытта комиссия отырысында қаралатындығын жеткізді.

Қайта қаржыландыру жайынан бөлек, мұнда әлеуметтік және тұрғын үй алу жайы да айтылды. Өз кезінде Е.Садыр көтерілген өтініш-тілектердіӊ орындалуы бойынша тиісті басқарма мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға 15 азамат келіп, өздерініӊ өтініш-тілектерін жеткізе алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы 252 мыӊ шаршы метр аумақты 151 үй немесе 3 197 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Оӊтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыныӊ кезектен тыс төртінші сессиясында облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

"2020 жылға дейінгі өӊірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 790 мыӊ шаршы метрлі 262 үйдіӊ құрылысы жүргізілуде (11 135 пәтер). Ағымдағы жылы 252 мыӊ шаршы метрлі 151 үй (3 197 пәтер) пайдалануға беріледі,- деп атап өтті әкім.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны