12.10.2016, 18:36 4146

Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы мектептердіӊ техникалық базасы жаӊартылуда

Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында білім саласы бойынша 2015 жылы 6 920,7 млн. теӊге қаржы игерілсе, биыл бұл бағытта 7 879,7 млн. теӊге қаржы қарастырылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында білім саласы бойынша 2015 жылы 6 920,7 млн. теӊге қаржы игерілсе, биыл бұл бағытта 7 879,7 млн. теӊге қаржы қарастырылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазығұрт ауданы әкімдігі баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, жыл басынан бері 8 айда 5 354,7 млн. теӊге қаржы игерілген. Қазіргі таӊда әсіресе білім ұялары ғимараттарын жөндеу және техникалық базасын жаӊарту бағытында жұмыстар жандана түскен. Мәселен, 2016 жылы білім ошақтарыныӊ материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында аудандық бюджеттен 104,5 млн. теӊге қаржы қаралды. Сондай-ақ 16 млн.теӊге қаржыға 43 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Соӊғы бес жылда аудан мектептеріне сатып алынған компьютерлердіӊ саны 1758-ді құрап отыр. Биылғы оқу жылына білім мекемелерін ақпараттандыруға 97968,0 мыӊ теӊге қаржы бөлінді. Осы қаржыға 1 компьютерге шаққандағы оқушы санын 10-ға төмендету үшін мектептерге қосымша 500 компьютер сатып алынады деп күтілуде. Сонымен қатар осы қаражатқа 22 интерактивті тақта, 44 видеопроектор алу үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тапсырыс берілген.

2015-2016 оқу жылында инклюзивті сыныппен қамтылған білім мекемелерініӊ үлесі - 36,2% болса,ағымдағы жыл соӊына дейін ол 43,2 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Ол үшін 5 мектептен 5 интегривті топ ашылмақ. Оқушыларды "Ағылшын тілі", "Зайырлы этика" және "Дінтану негіздері" оқулықтарымен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджет есебінен 100,8 млн теӊге қаржы қаралып, мектептерге 117404 дана оқулық жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны