27.02.2018, 17:32 5333

Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы толықтай табиғи газбен қамтылатын болады

Биылғы жылы Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласыныӊ тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теӊге бағытталып, газ таратушы құбырларыныӊ құрылысы 2017 жылдыӊ желтоқсан айында аяқталған

Шымкент. 27 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Оӊтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласыныӊ тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теӊге бағытталып, газ таратушы құбырларыныӊ құрылысы 2017 жылдыӊ желтоқсан айында аяқталған. Онда нөмері 14-ші АГТС-тыӊ құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр жүйелері тартылыпты. Сондай-ақ, 1 трансформатор, 5 жайтартқыш, 1 прожекторлы діӊгек орнатылған. Сонымен қатар, контейнерге операторлық блок орналасса, жылыту торабы, автоматтық одоризация блогы орын тепкен.

Бүгінгі таӊда Кентау қаласын және Хантағы ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 67,8 млн. теӊгеге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіпті. Құрылыс жұмыстар ағымдағы жылы 3 кезеӊ бойынша іске асырылып, қалаға газ беру ісі жүзеге асатын болады.

Бұдан бөлек, қалаға қарасты Қарнақ, Құшата және Байылдыр ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 33,8 млн.теӊге қаржы қаралып, жұмыс жобалары ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінде елді мекендерді газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Ж.Түймебаевтыӊ бастамасымен 2017-2020 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілген болатын. 2017 жылдыӊ басында облыста 300 елді мекен газдандырылса, жоспарға сәйкес 3 жылдыӊ ішінде қосымша 383 мекенге "көгілдір отын" жеткізілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен 13 миллиард 400 миллион теӊге қаржы бөлініп, жыл бойына 89 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Ал 2018 жылы облыста табиғи газбен қамтамасыз ету саласында 67 нысанныӊ құрылысы жүргізіліп, 42 елді мекенге, яғни, 60,3 мыӊ тұрғынға табиғи газ жеткізілетін болады. Бұл облыстағы жалпы 386 ауылды, немесе тұрғындардыӊ 46,2 пайызын қамтамасыз ету деген сөз.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны