25.10.2016, 09:18 3209

Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары келді

"Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үй құрылысы мен "Достық" шағын ауданындағы 1200 орындық мектептіӊ құрылысын аралап көрді.

Партия Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары сонымен қатар, көкөніс өндірумен айналысатын еліміздегі еӊ ірі жылыжай кешенініӊ жұмысымен және "Оӊтүстік" индустриалды аймағында орналасқан шыны бұйымдарын шығаратын "ЕвроКристалл" зауытына барады деп жоспарлануда.

Оӊтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарында Саяси ұйым басшысы "Нұр Отан" партиясы Оӊтүстік Қазақстан облыстық филиалыныӊ кезектен тыс ХХІХ конференциясына қатысып, өӊірдегі жастармен кездесіп пікір алмасуы көзделуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму" атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауында:

"Жаӊа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеӊберінде қабылданған жаӊа заӊдар жұмыс істей бастайды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаӊа шаралар туралы хабарладым. Барлығымыздыӊ мойнымызда еліміздіӊ болашағы үшін орасан зор жауапкершілік жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен "Нұр Отан" партиясына ерекше орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кеӊ көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Партиядан сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаӊғыруларды заӊнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс. Мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барлық азаматтарды Отанымыздыӊ игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезеӊ біз үшін еӊсеру кезеӊі болады. Біз жаӊа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеӊеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігініӊ берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудыӊ жаӊа шептеріне шығаратын боламыз!",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны