26.12.2007, 12:43 1659

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандығы үшін айыпталған дәрігерлерге үкім шығарылды

Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандығы үшін айыпталған дәрігерлерге үкім шығарылды

Шымкент. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық сотында кеше балаларға ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандығы үшін айыпталған үш дәрігерге үкім шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Илімжан Атамбеков пен Светлана Нұрханова екі жылға, ал Балғабай Түзелбаев екі жарым жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үшеуі де жазаларын колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ, сотталғандарға медициналық қызметпен 3 жыл көлемінде айналысуға тыйым салынады", - деп хабарлады аудандық сот төрағасы Серікбай Төлепбергенов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 15-қараша күні Қазығұрт аудандық сотта Қазығұрт аудандық аурухананың басшылығын аурухана ішінде балаларға ВИЧ-инфекциясын жұқтыру айыбын тағу бойынша сот процесі басталған болатын. Сотталушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316 бабы, 2 тармағы (ұқыпсыздық) бойынша айып тағылған болатын.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Қазығұрт аудандық ауруханасында балаларға ВИЧ-инфекциясын жұқтыру дерегі ауруханаға жатқан балаларды тексеру барысында өткен жылы анықталған болатын. Ауданда ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 15 бала мен 2 ана тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы балаларға жаппай ауру жұқтыру ісі бойынша сот процесі болып, шымкенттік дәрігерлер сотталған болатын. Сол кезде 5 адам шартты түрде жазаға тартылып, 16 адам бас бостандықтарынан айырылған болатын. Сотталушылардың ішінде 6 адамға әртүрлі себептермен жазасын өтеу кейінге қалдырылған еді. Ал колонияда жазасын өтеуге кесілген тағы 6 адам босатылып үй тұтқынына айналған-ды. Қамауда 4 дәрігер отыр.

Жақын арада ВИЧ-инфекциясын таратудың автономиялық ошағы табылған Түркістан қаласында аурухана ішінде балаларға ауру жұқтыру бойынша сот процесі өтеді.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ-инфекциясын жұқтырған 143 сәби тіркелген. Олардың ішінде 10-ы шетінеп кетті, біреуін шетелге алып кетті. Сондай-ақ, 16 ана да ВИЧ-инфекциясын жұқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны