31.01.2018, 18:03 8992

Оӊтүстік Қазақстан облысында былтыр 30-дан астам сәулеттік жоба әзірленді

Оӊтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы жалпы 30 астам эскиздік жоба әзірленді. Олардыӊ қатарында өӊірдегі туризмді дамытуға бағытталған эскиздер, сондай-ақ Шымкент қаласындағы жаӊа әуежай және теміржол вокзалы мен шаһардағы көп қабатты түрғын үй кешендерініӊ жобалары бар

Шымкент. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы жалпы 30 астам эскиздік жоба әзірленді. Олардыӊ қатарында өӊірдегі туризмді дамытуға бағытталған эскиздер, сондай-ақ Шымкент қаласындағы жаӊа әуежай және теміржол вокзалы мен шаһардағы көп қабатты түрғын үй кешендерініӊ жобалары бар. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті.

Оныӊ айтуынша, сәулеттік жобалардыӊ арасында Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени туризмді дамыту тұжырымдамасы, "Қасқасу" демалыс аймағы, Шымкент қаласындағы шатқалдарды көгалдандыру мен жаяу жүргіншілерге арналған "Арбат" типіндегі жолдар, "Ескі қала" аумағы бар.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасына сәйкес облыс аумағындағы 500 ескерткіш анықталып, оныӊ ішінде 100 нысанныӊ тізімі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп жасалды. Олардыӊ қатарында аудан орталықтарындағы салынатын "Достық үйі" жобасы, "Қазығұрт" тарихи-этнографиялық кешені, "Карауыл төбе", "Қошқар ата" өзенініӊ бойын және "Ордабасы" мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру мен көгалдандыру, "Көне Түркістан" қалашығын қалпына келтіру, "Ұлы дала" саябағыныӊ нобайы сынды жобалар әзірленді", - деді Бақтыбай Елікұлы.

Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерініӊ тарапынан мемлекеттік құрылыс нормалары сақталмай салынған құрылыс нысандар бойынша қарау және шаралар көруге тиісті мекемелерге хаттар жолданған. Нәтижесінде 138 құрылыс нысанына тиісті шаралар көріліп, 272 құрылыс нысаны бойынша әлі де жұмыстар атқарылуда.

Басқарманыӊ мәлімдеуінше аудандық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне өткен жылы "Құрылыс және реконструкция жобаларына бастапқы материалдарды беру туралы" 4004 өтініш түсіп, оныӊ 3418-і қанағаттандырылған.

Сондай-ақ, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан өткен жылы барлық жоспарланған 4187 құрылыс нысаны бойынша жүргізілетін қаржы көздері зерттеліп, нәтижесінде 3395 нысан жеке қаржы есебінен, 782 нысан мемлекеттік қаржы есебінен салынып отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны