01.09.2006, 14:52 3310

Оңтүстік Қазақстан облысында бюджеттен тыс қаржыға салынған мектеп пайдалануға берілді

ШЫМКЕНТ. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы Қызылкөл ауылында бюджеттен тыс қаржыға салынған мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

200 бала дәріс алатын білім ордасы заман талабына сай материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Болат Жылқышиевтің айтуынша, "бұл - жеке кәсіпкердің қаражатына бой көтеріп, мемлекеттің иелігіне өткен тұңғыш білім шаңырағы" екенін атап өтті. "Бұған дейін республика бойынша бюджеттен тыс қаражатқа 3 мектеп салынған. Бірақ олар шетелдік инвесторлардың қаражатына бой көтерген",- деді әкім.

Бүгін балаларды алғашқы қоңырауға жинаған мектеп ғимараты 6 айда бой көтерген, оны салуға Қайрат Беркімбаев есімді кәсіпкер 1 млн. 300 мың доллар жұмсаған.

"Бұл - құмға сіңген судай қаражат емес. Менің ауылдас іні-қарындастарым болашақта білімді азаматтарға айналып, заман тұтқасын ұстайтын, ел билейтін азаматтар болып өссе - қайтарым деген осы",- дейді кәсіпкер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны