06.12.2016, 18:13 4475

Оӊтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі ән, жыр-терме және би жанрларыныӊ фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудыӊ ашылу салтанатында облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы НұрболатАхметжанов құттықтау сөз сөйледі.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі ән, жыр-терме және би жанрларыныӊ фестивалі өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай ұйымдастырылған байқаудыӊ ашылу салтанатында облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы НұрболатАхметжанов құттықтау сөз сөйледі.

Терме мен жырдыӊ, дәстүрлі әндердіӊ бабадан қалған асыл мұра екенін айтқан ол бұл фестивальдіӊ деӊгейі жоғары екенін атап өтті. Біржан сал, Ақан серілердіӊ жолын жалғап жүрген жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткен байқаудыӊ ашылу салтанатында ел ағалары мен өнерсүйер қауым мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді. Жас таланттардыӊ көзін ашқан өнер бәсекесіне Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аудан, қалаларынан 14-29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Дәлірек айтсақ, дәстүрлі ән байқауына 36 әнші келсе, жыр-терме бойынша 37 үміткер бақ сынады. Ал, би байқауында 48 биші бақ сынады.

Дәстүрлі ән жанры бойынша байқау Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылса, жыр-терме байқауы облыстық опера және балет театрында өтті. Ал, би жанрыныӊ үздіктері "Түркістан" сарайында анықталды.

ОҚО Мәдениет басқармасыныӊ мәдениет және халық шығармашылығы орталығы алдағы уақытта да мұндай байқауларды жалғастырады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны