04.09.2006, 14:33 3316

Оңтүстік Қазақстан облысында дауылдан келген шығын көлемі есептелуде

ШЫМКЕНТ. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында дауылдан келген шығын көлемі есептелуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр, бірақ, миллиондаған теңгенің шығыны келгені анық",- деп мәлімдеді бүгін Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС-нің техникалық директоры Иміржан Ысқақов.

31-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында жылдамдығы секундына 18-40 метрге жеткен күшті жел соқты. "Жергілікті қариялардың өзі мұндай дауылды көрмегенін айтады. Энергетикалық желілерге біршама ақау келді",- деді И.Ысқақов.

"Оңтүстік жарық транзит" ЖШС-нің бас директоры Серік Балқышевтің айтуынша, желдің салдарынан "жалпы облыс бойынша желі үзілуге байланысты 1354 жағдай, соның ішінде сым үзілуге қатысты 655 оқиға тіркелді". Дегенмен, соған қарамастан, С.Балқышевтың айтуынша, тіршілік қамтамасыздығына қатысты барлық нысандардың тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Облыс орталығында трансформаторлық подстанцияларда 456 тоқ үзілу оқиғасы, 118 сым үзілу оқиғасы тіркелген. "Энергетиктер апатты жағдайда жұмыс істеді. Демалысты кейінге шегеріп, бар адамды көшелерге шығардық. Қазіргі жағдаймен Шымкентте жалпы 136 шағым, соның ішінде сым үзілуге қатысты 37 шағым қалып отыр",- деді қалалық электр желілері компаниясының бас инженері Қаржаубай Тастанов. Оның айтуынша, қазір қалада дауылдың зардаптарын жою үшін электр мамандарының 25 бригадасы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны