18.10.2016, 15:23 5762

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Дін - бірлікке бағыттайды" атты форум өтті

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында "Дін - бірлікке бағыттайды" атты форум өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Созақ ауданында "Дін - бірлікке бағыттайды" атты форум өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қоғамдағы өзекті мәселелердіӊ бірі талқыланған жиынға аудан әкімі Мақсат Исаев, облыстық дін істері басқармасыныӊ "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-ніӊ бөлім басшысы Ұлықбек Алиакбарұлы, "Шолаққорған" мешітініӊ бас имамы Төрехан Илжан, маслихат депутаттары, ардагерлер, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысыныӊ Жолдауларында ішкі саяси тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік мәселелері туралы жиі айтылады. Ал, мызғымас мемлекет болу үшін идеология саласы мықты болғаны жөн. Осы түйткілдерді тарқатқан форумда аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімініӊ басшысы Ағәділ Сатыбалды рухани келісім мен идеологиялық тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

"Шолаққорған" мешітініӊ бас имамы Төрехан Илжан ислам дініндегі басты құндылықтар туралы ой қозғап, жастардыӊ жат ағымдардыӊ жетегінде кетпеуін қадағалау керек деген ойын жеткізді.

Облыстық дін істері басқармасыныӊ "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-ніӊ бөлім басшысы Ұлықбек Алиакбарұлы еліміздегі діни ахуал туралы айтып берді. Ислам атын жамылып, жұртшылықты теріс әрекетке сүйрейтін жат ағымдардыӊ бар екеніне алаӊдаушылық білдірді. Егер жастарға дұрыс тәлім-тәрбие, бағыт бере білсек, жат пиғылды ұйымдар өз дегеніне жете алмайтынын мәлімдеді.

Жиында аудандық мәслихаттыӊ депутаты Ж. Сатыбалды, Созақ ауданыныӊ "Құрметті азаматы" М. Асқаров жарыссөзге шығып, ел бірлігін сақтау жөніндегі келелі пікірлерін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны