13.01.2018, 21:07 4466

Оӊтүстік Қазақстан облысында еӊбек саласындағы заӊсыздықтар толығымен реттелген

Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек заӊнамасыныӊ сақталуын бақылау мақсатында 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарда 1027 тексеру жүргізді. Атқарылған жұмыстыӊ барысында 1308 заӊ бұзушылық анықталып, оныӊ 1276-ы жойылды.

Шымкент. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ мемлекеттік еӊбек инспекциясы жөніндегі басқармасы облыстыӊ кәсіпорындары мен мекемелерінде Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек заӊнамасыныӊ сақталуын бақылау мақсатында 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарда 1027 тексеру жүргізді. Атқарылған жұмыстыӊ барысында 1308 заӊ бұзушылық анықталып, оныӊ 1276-ы жойылды. Нәтижесінде облыста еӊбек саласындағы заӊ бұзушылықтар толығымен реттеліп отыр. Бүгін бұл туралы облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оӊтүстік Қазақстан облысы еӊбек инспекциясы жөніндегі басқармасыныӊ басшысы Алмасбек Мамытбеков хабардар етті.

Оныӊ айтуынша, анықталған заӊ бұзушылықтардыӊ негізінде орындалуы міндетті 674 нұсқама беріліп, еӊбек заӊнамасыныӊ бұзылуы бойынша 19 717 610 теӊге көлемінде айыппұл салынған.

"Еӊбек заӊнамасы көбіне жұмысқа қабылданған қызметкерлермен еӊбек шарттарыныӊ жасалмауы, еӊбек шартын заӊсыз бұзушылық, жалақыныӊ уақытылы төленбеуі сияқты фактілер бойынша бұзылуда. Еӊбек қатынастары саласындағы заӊ бұзушылықтар жұмыс берушілердіӊ ҚР еӊбек заӊнамасын білмеуі, оны оқып-үйренуге талпынбауы, жұмыс берушілердіӊ осы мәселеге жеткілікті көӊіл бөлмеуі салдарынан орын алуда", - деді Алмасбек Кеӊесбекұлы.

Сондай ақ, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша Оӊтүстік Қазақстан облысында шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 76 мекеме тіркелген. Бұл мекемелерде 27 мыӊнан астам Қазақстан Республикасыныӊ азаматтары және 3087 шетел маманы жұмыс істеуде.

Оӊтүстік Қазақстан облысы еӊбек инспекциясы жөніндегі басқармасы тарапынан есепті кезеӊ ішінде мекемелер мен кәсіпорындарда еӊбек заӊнамасын түсіндіру бойынша ұжымдармен кездесулер, семинар-кеӊестер өткізілген.

Мемлекеттік еӊбек инспекторларыныӊ азаматтардыӊ арыз-шағымдары мен мекемелердіӊ хаттарын уақытылы қарауы - әлеуметтік даулар мен қызметкерлердіӊ еӊбек құқықтарыныӊ бұзылуыныӊ алдын алуда айтарлықтай рөл атқарады. Мәселен, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша облыстық еӊбек инспекциясы жөніндегі басқарма 2500-ге жуық азаматтыӊ арыз-шағымдары мен мекемелердіӊ хаттарын қарап, олар бойынша заӊ аясында шаралар атқарылған, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны