18.07.2008, 11:06 1239

Оңтүстік Қазақстан облысында энергиямен жабдықтайтын компаниялардың электр қуатының бағасын қымбаттату жөніндегі өтініштері қабылданбады

Оңтүстік Қазақстан облысында энергиямен жабдықтайтын компаниялардың электр қуатының бағасын қымбаттату жөніндегі өтініштері қабылданбады

Шымкент. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының энергиямен жабдықтайтын "Энергопоток" ЖШС мен "Оңтүстік жарық" ЖШС компанияларының электр қуатының бағасын қымбаттату жөніндегі өтініштері қабылданбады. Бұл туралы брифингте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Н. Жолдасов журналистерге хабарлады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық монополияға қарсы департаменті екі компанияға электр қуатының бағасын арттыру жөніндегі негіздемелік материалдарда субъектілер ұсынып отырған баға көрсеткішін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін солтүстік көздерден арзан электр қуатын жеткізу келісім-шарттарының әдейі жасырылуына байланысты дәйектемелер келтірді", - деп хабарлады Н. Жолдасов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны