16.02.2007, 15:00 3350

Оңтүстік Қазақстан облысында гепатиттің өршуі байқалуда

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында гепатиттің А түрінің өршуі байқалуда. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі департаментінің директоры Берік Торғауытов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуал айтарлықтай күрделі",- деді Қазақстан Республикасыны мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің отырысынан кейінгі брифингте Берік Торғауытов. "Гепатиттің А түрімен ауырғандардың 94 пайызы балалар",- деді ол.

"Осы жылы бірқатар шаралар қабылданып отыр, біз ахуалды жөндейміз деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта вакциналар алуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тендер жарияланды", - деді Оңтүстік Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі департаментінің директоры. "Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің санитарлық жағдайын жақсартуға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балалардың науқастануына байланысты ахуалды орнықтыруға қатысты барлық шаралар қабылдануда",- деді ол.

Берік Торғауытовтың түсіндіруінше, гепатиттің А түрінің өршуіне сумен тұрақты қамтамасыз етілмеу және оның сапасының төмендігі мен мектептегі балалар санының шектен асып кеткендігі басты себеп болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны