27.09.2016, 18:33 4817

Оӊтүстік Қазақстан облысында Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар басталды

Клуб мүшелері алдымен 107 жастағы Ұлжан Тасымбетова мен "Алтын алқа" иегері Күләнда Нұрлыбаеваныӊ шаӊырақтарына бас сұғып, әжелерді мерекемен құттықтады.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мақтаарал ауданында Халықаралық қарттар күніне орай "Шаӊырақ" отбасы клубы "Ардегерлерге құрмет" іс-шарасын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Клуб мүшелері алдымен 107 жастағы Ұлжан Тасымбетова мен "Алтын алқа" иегері Күләнда Нұрлыбаеваныӊ шаӊырақтарына бас сұғып, әжелерді мерекемен құттықтады. Оларға сый-сияпат көрсетіп, иықтарына орамал жапты. Кішігірім мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Қазыналы қариялар мерекемен құттықтаған азаматтарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Одан кейін клуб мүшелері Айнықша Тойжанова, Зинаида Гайдукова және Лидия Банникова әжелерді құттықтады. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердіӊ жұбайлары қазіргі жай-күйлерін баяндап, Елбасыға риза екендіктерін жеткізді. Одан өзге де бір топ қариялардыӊ үйін аралаған мейірімді жандар қарттармен дойбы ойнап, бірге ән шырқады. Олардыӊ қан қысымы мен денсаулығын тексеріп, сыйлықтарын тапсырды. Көӊілдері көтеріліп, жүректері елжіреген қариялар өздерін елеп келген жастарға ризашылықтарын білдірді.

"Шаӊырақ" отбасы клубыныӊ жетекшісі Камира Өмірбайдыӊ айтуынша, басты мақсат - қамкөӊіл қарттардыӊ көӊілін көтеріп, олардыӊ жай-күйімен танысу.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауларында әлеуметтік мәселелерге мән береді. Бүгінде елімізде тұрғындардыӊ орташа өмір сүру жасы ұзарды. Зейнетақы дер кезінде беріліп тұр. Дегенмен, ата-әжелерімізбен жиі дидарласып, жағдайларын біліп тұрса, ол кісілерге одан артық қуаныш жоқ. Үлкендердіӊ батасын алу игі іс қой", - дейді клуб жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны