08.12.2016, 09:36 4210

Оӊтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті

Конференция жұмысына 26 мемлекеттен 120-дан астам белгілі ғалымдар, сондай-ақ, қазақстандық 30 университеттіӊ ғалымдары бас қосты.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстанда "Қазақстан жолы: Ұлт көшбасшысымен бірге 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық" атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына 26 мемлекеттен 120-дан астам белгілі ғалымдар, сондай-ақ, қазақстандық 30 университеттіӊ ғалымдары бас қосты. М.Иуезов атындағы ОҚМУ-да өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

"Мәӊгілік ел идеясыныӊ мәні мен мазмұнын жастарымыздыӊ санасына сіӊіре отырып, олардыӊ бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отаншылдық сезімді, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру біздіӊ басты міндетіміз болып табылады. Мәселен, елімізде жыл сайын "Болашақ" бағдарламасы бойынша үш мыӊнан астам жас шетелге білім алуға жіберілуде. Бұл мемлекеттіӊ жас мамандарға жасап жатқан үлкен қамқорлығы деп білемін. Сондықтан шетелде, не болмаса, өзімізде білім алған білікті мамандар отанымыздыӊ, оныӊ ішінде Оӊтүстік өӊірініӊ өркендеп, дамуына атсалысулары керек. Бұл ретте, жас ғалымдардыӊ дуальді оқу жүйесімен білім алуы маӊызды", - деді аймақ басшысы.

Конференцияда Тәуелсіз Қазақстанныӊ қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ рөлі, Тәуелсіз Қазақстан мұраты - "Мәӊгілік Ел" Ұлттық идеясын жүзеге асыру, "Қазақстан -2050" стратегиясы - Қазақстанныӊ әлеуметтік-азаматтық жүйесін жүзеге асырудағы жаӊа саяси бағыт, Қазақстанныӊ Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тенологиялар мен техникалық дамудыӊ өзекті мәселелері сынды тақырыптар талқыланды.

Халықаралық кездесу барысында аймақ басшысы аталған оқу орныныӊ серіктестері болып табылатын "KARLSKRONA LC AB" ЖШС-ніӊ бас директоры Уәлихан Ахметов пен ОҚО Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Асқар Ибубәкіровке еліміздіӊ инженерлік саласыныӊ дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстанныӊ құрметті инженері" төс белгісін табыстады. Сондай-ақ, жиында металлургия саласында үш ғылыми жаӊалық ашқан техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор Қайрат Исламқұловқа Ғылыми жаӊалықтар мен өнертабыстар халықаралық академиясы президенітініӊ атынан дипломдар берілді.

Мұнан бөлек, жиында дүниежүзілік ғылыми ортаға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған М.Иуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарыныӊ, жаӊадан танылған ғылыми ашылымдары таныстырылды. Атап айтқанда, алғаш рет Ұлы жібек жолыныӊ сауда-экономикалық негізгі орталықтарыныӊ бірі болып табылатын Отырар алқабындағы Ежелгі Қаӊлы мемлекеті дәуірініӊ археологиялық ескерткіштерініӊ (Бесіншітөбе, Пышақшытөбе қалашықтары және Алтынтөбе қорымы) жәдігерлері таныстырылып, тұӊғыш рет Қазақстан-Ресей мұрағат қорынан алынған ХХ ғасырдыӊ басындағы ұлт-азаттық қозғалысыныӊ жаӊа құпия құжаттары арнайы көрмеге қойылды. Сондай-ақ, әлемдік маӊызы бар ғылыми ашылымдар реті тыӊдалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны