18.09.2006, 12:45 2920

Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен 55 балада ВИЧ індеті анықталды - денсаулық сақтау министрі

АСТАНА. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен 55 балада ВИЧ індеті анықталды. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев бүгін Астанада құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"18-қыркүйектегі жағдаймен 55 балада ақырғы диагноз расталды",- деді ол. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында екі жасқа дейінгі тексеруден өтуге тиіс 9,8 мың баланың 50 проценті тексерілді. Сонымен бірге ВИЧ індетін жұқтырған балалармен қарым-қарынаста болған медицина қызметкерлері толық тексерілді. Олардың бәрі аурудан аман болып шықты.

Сонымен бірге Е.Досаевтың айтуынша, 17 донор іздеуде жүр. ВИЧ індетін жұқтырған 5 бала антивирустық емдеуден өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны