11.12.2016, 19:04 4141

Оӊтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ өкілдігі ашылды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ директоры Е.Қарин аймақтық өкілдіктіӊ ашылуы өӊірлік зерттеулерді жүргізуге, әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсетуге, жергілікті сарапшылар қауымдыстығымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті.

Шымкент. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкенттегі "Rixos" қонақ үйініӊ "Назарбаев холл" залында 2016 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ Оӊтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігініӊ таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесуге облыс әкімі аппаратыныӊ басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ өкілдері,жергілікті сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Облыс әкімі аппаратыныӊ басшысы Е.Илімқұлов кіріспе сөз сөйлеп, институт өкілдігініӊ республика бойынша алғашқы болып өӊірімізде ашылу маӊыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ директоры Е.Қарин аймақтық өкілдіктіӊ ашылуы өӊірлік зерттеулерді жүргізуге, әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсетуге, жергілікті сарапшылар қауымдыстығымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті.

Аталған жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ бас ғылыми қызметкері А.Жолдыбалина, М.Иуезов атындағы ОҚМУ-дыӊ "Саясаттану және халықаралық қатынастар" кафедрасыныӊ меӊгерушісі С.Мәжінбеков баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақстанныӊ сыртқы және ішкі саясаты мен қоғамдық-саяси ахуал және оныӊ даму үрдісін талдау мен болжау жөнінде баяндамашыларға сұрақтар қойып, сарапшылар және жоғары оқу орындарыныӊ оқытушылары пікірлерін ортаға салды.

Оӊтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтыныӊ өкілі болып Б.Орманов тағайындалды.

Кездесуді облыс әкімі аппаратыныӊ басшысы Е.Илімқұлов қорытындылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны