15.09.2016, 10:04 3058

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Мәӊгілік елдіӊ - мәӊгілік тілі" атты тіл айлығы өткізілуде

Оӊтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай және Қазақстан халқыныӊ тілдері мерекесі қарсаӊында "Мәӊгілік елдіӊ - мәӊгілік тілі" атты облыстық тілдер айлығы өткізілуде.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай және Қазақстан халқыныӊ тілдері мерекесі қарсаӊында "Мәӊгілік елдіӊ - мәӊгілік тілі" атты облыстық тілдер айлығы өткізілуде, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Осы іс-шараныӊ шеӊберінде "Мемлекеттік тіл - меніӊ тілім", "Сөз - жанныӊ тілі, ән-жүректіӊ мұӊы, тіл - рухтыӊ үні", "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте", "Мемлекеттік тіл - барлық халықты біріктіретін тіл" секілді тақырыптарда аудандар мен қалаларда 5 байқау, 8-ден аса іс-шара, барлық мемлекеттік мекемелерде, жоғары оқу орындарында 20-дан астам дөӊгелек үстел, бір форум және 10-нан астам дебат ұйымдастырылмақшы. Сондай-ақ, барлық аудандар мен қалаларда әдеби және музыкалық кештер, кітап көрмелері, суреттер мен фотоколлаждар байқаулары және тағы да басқа шаралар өткізіледі.

Облыстық тілдер айлығы 22 қыркүйекте "Мемлекеттік тіл - мәӊгілік елдіӊ мәӊгілік тілі" атты мерекелік іс-шарамен аяқталады. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасыныӊ мәдениет және спорт министрлігініӊ, облыс әкімініӊ, облыстық мәслихат пен "Нұр Отан" партиясыныӊ алғыс хаттарымен марапатталады.

Сондай-ақ, "Мемлекеттік тіл - мерейім" атты ауқымды іс-шараныӊ шеӊберінде мемлекеттік тілді білудіӊ арқасында табысқа қол жеткізген өзге ұлт өкілдерімен "Мемлекеттік тіл - мерейім"кездесулер өткізу көзделген. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және Қазақстан халқыныӊ тілдері мерекесіне орай мемлекеттік қызметке кіріскен жас мамандардыӊ ант көтеру рәсімі өткізіледі деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны