02.12.2016, 12:44 4961

Оӊтүстік Қазақстан облысында мемлекет тарапынан 11 мектепке жаӊа автобустар табыс етілді

Алдағы уақытта 3000-ға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады.

Шымкент. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Облыс, қала басшылары ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерекесіне орай қала мектептеріне оқушы тасымалдаумен айналысатын 19 жаӊа автобусты табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊа көліктердіӊ кілтін мектеп директорларына Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев табыс етті.

Айта кетерлігі, мектеп оқушыларыныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып тасымалдау мақсатында мемлекет тарапынан 11 мектепке жаӊа автобустар табыс етілді. Алдағы уақытта 3000-ға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады.

"Қымбатты оқушылар бұл көлік сіздердіӊ қауіпсіздіктеріӊізді қамтамасыз ету және жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыӊыз үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, автобус балаларды тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасыныӊ болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыӊға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады", - деді аймақ басшысы.

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер "Абад ЮГ" ЖШС және "Төлеби Автобус Паркі" ЖШС арқылы жүргізіліп отырған болатын. Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардыӊ тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.

Осы күні күрделі жөндеуден өткен Шымкент қалалық ?кімшілігініӊ ескі ғимараты пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстыӊ сапасын өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Ибдірахымов аралап көрді.

Атап айтар болсақ, ғимараттыӊ іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдыӊ қыркүйегінен басталған нысанныӊ қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн. теӊге бөлінді.

Бүгінгі таӊда бұл ғимаратқа Ил-Фараби ауданы аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі де орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны