20.10.2016, 12:40 4114

Оӊтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен ОҚО әкімдігінде жастар мен өзініӊ әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді эскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ қатысуымен ОҚО әкімдігінде жастар мен өзініӊ әскери борышын өтеп жатқан жауынгерлерді эскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиынға ҚР Ұлттық ұланы "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығы қолбасшысыныӊ тәрбие және әлеуметтік құқығы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сүлейменов пен 6506 әскери бөлімініӊ командирі Жамбыл Қульбаев және аталған саланыӊ өзге де қызметкерлері қатысты.

Бас қосуда С.Сүлейменов аймақ басшысына мерейтойлық медаль табыстады. Өз кезегінде, жасалған жоғары құрмет үшін өӊір басшысы қонақтарға алғысын білдіріп, Тәуелсіз елдіӊ еӊ басты қажеттіліктерініӊ бірі - оныӊ қауіпсіздігі екенін, өскелеӊ ұрпақты отансүйгіштікке, жаӊа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу баршаныӊ міндеті екенін жеткізді.

Сондай-ақ, ел шебін қорғаушылармен болған кездесуде І дәрежелі "Ұлттық ұлан" төсбелгісімен ОҚО әкімі аппаратыныӊ жұмылдыру және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бас инспекторы Мейіркүл Батырбекова марапатталса, ІІ дәрежелі "Ұлттық ұлан" төсбелгісі ОҚО ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Болат Төлегенге табысталды.

Облыс әкімі Тәуелсіздіктіӊ 25 жылында республикада мемлекеттік қызметкерлердіӊ елге жасап жүрген қызметін бағалайтын тиімді мемлекеттік қызмет моделі жасалғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны