25.09.2007, 15:39 3245

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған үйлер бос тұр

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған үйлер бос тұр.

Шымкент. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарындағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған үйлер сатылмай тұр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазығұрт ауданында ипотекалық бағдарлама бойынша салынған бір бірпәтерлі 20 үйдің тек үшеуі ғана сатылған. Сарыағаш ауданындағы 30 үйдің де тек үшеуі сатылған, ал төлемдер ипотека бойынша емес бір реттік салым ретінде төленген.

"Ауыл тұрғындары үйлерді ипотекамен сатып ала алмайды, себебі екінші деңгейдегі банктер ауыл тұрғындарына несие бермей отыр",- деп мәлім етті Сарыағаш және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімов. Ол сондай-ақ, "баспана сатып алуға ипотекалық несие алу үшін орташа айлығы 80 мың теңге болуға тиіс", деп қосты.

Шенеуніктің айтуынша, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлердің сатылмауынан ипотека бойынша қаржыны қайтару қиындығы аудандық билікке түседі, ал аудандық бюджет мұндай шығынды қарастырмаған. Қазығұрт ауданында мемлекет алдындағы қарыз 71 млн теңгені құрайды. Н. Ишімов бұл проблемалардың жергілікті деңгейде шешілмейтіндігіне келісіп отыр. "Екінші деңгейдегі банктер өздеріне жүктелген функцияны орындамай отыр, олар ауыл тұрғындарына несие бөлмейді. Бұл проблемаларды республикалық және облыстық деңгейде шешу қажет",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны