08.05.2018, 21:02 3834

Оӊтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет жақсара түсуде

Оӊтүстік Қазақстан облысында 120 мыӊнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл өӊірдегі халық саныныӊ 4,2 пайызын, ал республика бойынша жалпы мүгедектер саныныӊ 18,4 пайызын құрайды.

Шымкент. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қатары артып келеді. Мәселен, 2017 жылдыӊ қорытындысымен 50 мыӊнан астам адамға мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 47 мыӊға жуық болғанын ескерсек, 6,7 пайызға арттқанын аӊғаруға болады. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетініӊ Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментініӊ басшысы И.Темірбаева мәлімдеді. Департамент басшысыныӊ сөзінше, мүгедектер саныныӊ артуына негізінен 3 түрлі себеп ықпал етуде.

"Мүгедек жандардыӊ қатарын көбейтіп жатқан еӊ бірінші себеп қан айналымы жүйесініӊ аурулары болып отыр. Жарымжандардыӊ 20,8 пайызы жоғарыда аталған кеселмен ауыратындар. Түрлі деӊгейде жарақат алып мүгедектікке шалынған азаматтар 13,8 пайызбен екінші орында тұр. Үштікті 13,3 пайызбен психикалық және мінез-құлқыныӊ бұзылуы түйіндеді. Қазіргі таӊда мұндай азаматтардыӊ барлығы қадағауға алынып, тиісті деӊгейде әлеуметтік көмектер көрсетілуде", - деді Исия Темірбаева.

Жалпы 2017 жылдыӊ және 2018 жылғы бірінші тоқсаны қорытындысымен департамент халыққа әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша 12 мемлекеттік қызмет түрінен 270 мыӊнан астам қызметтерді көрсеткен.

Сондай-ақ, мекеме басшысы өӊіріміздегі мүгедектердіӊ 19194-і немесе 15,8 пайызын балалар құраса, қалғаны 18 жастан жоғары ересектер екенін жеткізді. Мамандардыӊ арнайы теусеру жұмыстары кезінде облыстағы түрлі бағытта қызмет көрсететін мекемелердіӊ сол мүмкіндігі шеутеулі азаматтарға қатысты талаптарды сақтамағанын анықтаған. Оныӊ басым бөлігі пандустардыӊ жоқтығына немесе талапқа сай орнатылмағанына қатысты. Өӊірімізде 4 мыӊнан астам түрлі саладағы мекеме болатын болса, соныӊ 80 пайызы жоғарыда аталған талапқа сай келмейтіндігі белгілі болған. Олардыӊ барлығына заӊ аясында тиісті шаралар көрілген.

Айта кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысында 120 мыӊнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл өӊірдегі халық саныныӊ 4,2 пайызын, ал республика бойынша жалпы мүгедектер саныныӊ 18,4 пайызын құрайды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны