07.10.2016, 10:18 4752

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Нөлдік төзімділік" акциясы өтті

Сондай-ақ акция аясында облыста 56 дөӊгелек үстел, 8 брифинг, 18 семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыпта 188 дәріс оқылып, 131 халықпен кездесу өтті.

Шымкент. 7 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында ІІД ЖПҚ бастамасымен "Нөлдік төзімділік" акциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Акцияға Оӊтүстік Қазақстан облыстық Жергілікті полиция қызметкерлерімен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау, прокуратура органдарыныӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ және қоғамдық құрылымдардыӊ өкілдері қатысты. 3 күндік жұмыстыӊ нәтижесінде барлығы 2703 әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ орын алған.

Аталған акцияға Жергілікті полицияныӊ 1300-ден астам қызметкері жұмылдырылып, олардыӊ 3 күндік жұмыстарыныӊ нәтижесінде барлығы 2703 әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ орын алғандығы, оныӊ ішінде тыныштықты бұзған 53 азаматқа, қала және елдi мекендердіӊ аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзғаны үшін 254 азаматқа, спирттік ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 216 азаматқа, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 342 азаматқа, кәмелетке толмағандардыӊ түн мезгілінде заӊды өкілінсіз бей-берекет жүруіне жол берген 164 азаматқа және ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 527 жүргізушіге, белгіленген жылдамдықты асырып көлік басқарған 78 азаматқа, қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 577 адамға, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 16 азаматқа, спирттік ішімдік ішіп, көлік басқарған 31 азаматқа, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен 66 жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ акция аясында облыста 56 дөӊгелек үстел, 8 брифинг, 18 семинар өткізілді. Білім беру ұйымдарында құқықтық тақырыпта 188 дәріс оқылып, 131 халықпен кездесу өтті.

Жергілікті полиция қызметкерлері, азаматтардыӊ құқықтық танымын кеӊейту, құқықтық мәдениетін арттыру және тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны