12.12.2006, 18:46 2938

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстың медициналық картасы жасалды

ШЫМКЕНТ. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында облыстың медициналық картасын жасау аяқталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Тамара Дүйсенова баспасөз маслихатында құлағдар етті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Облысқа келген біздің команда балалар арасында ВИЧ індетінің белең алуына тосқауыл қоюмен бірге облыстағы денсаулық сақтау саласын түбегейлі реформалауды басты мақсат етіп қойды",- деді ол.

Біздің тарапымыздан жасалған карта - осындай реформалаудың негізі",- деді Т.Дүйсенова.

Икім орынбасарының хабарлауынша, облыс аудандары бойынша медициналық карталарды аудандық денсаулық сақтау бөлімдерінің мамандары аудан әкімшілігінің қызметкерлерімен, сондай-ақ ВИЧ індетінің алдын алу, оны анықтау және таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық штабтың хаттамалық шешімімен аудан және қалаларға бекітілген облыстық медициналық мекемелердің 14 бас дәргерлерімен бірлесе отырып дайындаған.

"Медициналық карталарды жасау барысында біз облыстың медицина саласына толық санақ жүргіздік. Денсаулық сақтау нысаналарының саны есеп бойынша шындыққа сай болма шықты",- деді Т.Дүйсенова.

Оның сөзіне сүйенсек есеп бойынша облыста 748 медицина мекемелері бар, ал тексеру кезінде 797 медициналық мекеме анықталған. Сонымен қатар 20 астам елді мекенде мәртебесіне сай медициналық ұйымдардың жоқ екендігі анықталды. Қазір облыста емдеу ұйымдарының желісін жаңа мемлекеттік нормативтерге сай медициналық емдеу мекемелерінің желісіне кезең-кезеңмен көшіру кестесі құрылды.

Т.Дүйсенованың айтуынша карталарды жасау барысында облыстың медициналық ұйымдарының материалдық базалары талданған. Оны жақсарту үшін 2007-2010 жылғы медициналық мекемелер құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарының жоспары дайындалды. Яғни, 2007 жылы облыстың осы мақсатына мемлекеттік бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінбек.

Сонымен қатар, әкімнің орынбасары медициналық карта базасында барлық медициналық құрал-жабдықтарға тексеру жүргізгендігін хабарлады. Тексеру барысы медициналық ұйымдарда ескірген құрал-жабдықтардың пайдаланылатындығын, олардың 60% 15 жылдан астам қолданыста жүргендігін көрсетіп отыр. Перезентхананың реанимациялық бөлімшелері мен балалар мекемелерінің жабдықталуы 40-50 % құрайды, басқа да емдеу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталу деңгейі төмен (орташа есеппен 41,8 %).

Т.Дүйсенова медициналық мекемелерді бір реттік медициналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша алғашқы іс-шаралардың қабылданғанын айтты. "Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында осы мақсатқа 180 млн. теңге жұмсалды, - деді Т.Дүйсенова. - Сонымен қатар, 76 млн. теңге облыстық және аудандық емханалардың барлық қажеттіліктерін, сондай-ақ, 70 % ауылдық учаскелік емханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін стерильді құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінді".

2007 жылы медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтауға республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 469 млн. теңгеден астам қаржы бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны