14.05.2008, 18:20 3274

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың 80% ұлттық бірыңғай тест тапсыратын болады

Оңтүстік Қазақстан облысында оқушылардың 80% ұлттық бірыңғай тест тапсыратын болады

Шымкент. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдерген мектеп түлектерінің қатары ұлғайды. Бұл турлалы агенттік тілшісіне ОҚО білім беру департаментінің мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Ишір Елтаев хабарлады.

"Биылғы жылы қазақ және орыс тілінде оқытатын мектеп түлектерінің 79,43% ҰБТ тапсыру жөнінде арыз тапсырды. Өткен жылы орыс және қазақ тілінде білім беретін мектеп түлектерінің 75% ҰБТ тапсырды", -деді И. Елтаев.

Облыстық білім беру департаментінің мәліметтері бойынша биылғы жылы мектептерді 30 мың 369 түлек бітіреді, оның 21 мың 679 мектеп оқушысы қазақ тіліндегі білім алса, 2 мың 895 бала орыс мектептерде оқытылды. Сондай-ақ, 5 мың 622 оқушы өзбек мектебін, 173 түлек тәжік тілінде білім беретін мектепті бітіреді. Өткен жылы мектеп бітіретін оқушылар қатары 35 мыңға жетті.

"Өзбек және тәжік тілінде білім алған мектеп оқушылары ұлттық бірыңғай тестіге қатыспайды, олар кешенді тест тапсырады. Биылғы жылдың қорытынды мәліметтер бойынша ҰБТ қатысу жөнінде 19 мың 520 арыз түсті", деп хабарлады И. Елтаев.

Статистикалық мәліметтер бойынша, Түлкібас ауданынан ҰБТ қатысу жөнінде түскен арыздары саны 92,13% құраса, Ордабасы ауданы бойынша 69,96% жетті.

Мектеп бітірушілері ҰБТ 16 пункте тапсырса, оның төртеуі Шымкентте орналасқан. "Ирбір ауданда ҰБТ тапсыру пункті бар. Тек Сайрам ауданының 904 оқушысы ҰБТ Шымкентте тапсырса, Кентаудың 348 түлегі Түркістандағы МҚТУ базасында тапсыратын болады", -деп түсіндірді И. Елтаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны