06.12.2016, 18:16 3980

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Өмір керемет!" атты денсаулық акциясы өтті

Акция аясында дәрігерлер көзі нашар көретін балаларға арналған №2 мектеп-интернатында және есту қабілеті төмен балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатында болды.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында "Өмір керемет!" атты денсаулық акциясы өтті,-деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Дәрігерлердіӊ айтуынша, бұл іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жолдауындағы "Қазақстан - 2050" стратегиясын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылған.

Айтулы акцияны Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, Шымкент қаласы әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау институты және облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп өткізді.

Акция аясында дәрігерлер көзі нашар көретін балаларға арналған №2 мектеп-интернатында және есту қабілеті төмен балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернатында болды. Бұл кездесулерде дәрігерлер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығыныӊ білікті мамандары балаларға денсаулықты сақтау жолдары жөнінде ой қозғады. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын үнпарақтар таратты. Тағдыр сынына ұшыраған бұл балалар да медицина қызметкерлеріне көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала білді. Мейірімге толы акция шеӊберінде көзі және құлағындағы кемістігі бойынша мүгедектер санатына қосылып отырған жас бүлдіршіндерге сыйлықтар тапсырылды. Арнайы ұсынылған концерттік бағдарлама да олардыӊ көӊілін көтерді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шараға интернат мұғалімдері мен ата-аналар да ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны