26.10.2016, 10:56 3339

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Оӊтүстік өӊірдегі ономастика мәселелері" тақырыбында аймақтық конференция өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай М.Иуезов атындағы ОҚМУ-да "Оӊтүстік өӊірдегі ономастика мәселелері" атты аймақтық конференция өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай М.Иуезов атындағы ОҚМУ-да "Оӊтүстік өӊірдегі ономастика мәселелері" атты аймақтық конференция өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ономастика саласындағы өзекті мәселелерді кеӊінен талқылап, оныӊ шешу жолдары мен әдістерін айқындау және жергілікті жерлердегі мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен конференцияға облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасыныӊ басшылығы және қызметкерлері мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары, Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығыныӊ қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияныӊ бағдарламасына сәйкес, оныӊ жұмысы Оӊтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысыныӊ орынбасары Қ. Ағабековтіӊ қатысушыларға арналған сөзімен ашылды. Ирі қарай, ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар, оныӊ даму көкжиектері, саладағы өзекті мәселелер, ономастикалық қызметтіӊ ғылыми негіздемесі, атқаралып жатқан жұмыстардыӊ заӊнамалық және әдістемелік негізі жөнінде баяндамалар оқылды.

Жиын барысында Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығыныӊ ұстазы Г.Рүстемова "Тіл әлемі" порталы мен "Атау.кз" "Емле.кз" "Терминком.кз" ақпараттыӊ сайттарыныӊ таныстырылымын жасады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны