26.09.2016, 10:19 5506

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Өзбек этносыныӊ тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні" іс-шарасы өтті

Кеше Шымкент қаласындағы Абай саябағында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Өзбек этносыныӊ тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні" және "Алтын күз" мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Шымкент. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Шымкент қаласындағы Абай саябағында ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Өзбек этносыныӊ тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні" және "Алтын күз" мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада облыс әкімініӊ орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Республикасыныӊ Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен елдіӊ бірлігі мемлекетіміздіӊ басты байлығы екендігін атап өтті.

Мерекелік жиында ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарға Елбасыныӊ қолы қойылған "Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ қоғамдық "Бірлік" алтын медалі" қоғамдық наградасы табыс етілді. Сонымен қатар, ынтымақтыӊ ұйытқысы болып жүрген азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ және облыс әкімі орынбасарыныӊ алғыс хаттарымен марапатталды.

Елдегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткен шараға Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығыныӊ өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, өзбек этномәдени бірлестігініӊ аудан, қалалардағы филиалы басшылары мен өкілдері, өзбек халқыныӊ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы 2016 жылғы 6 қаӊтарда жарияланған "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" мақаласында былай деген еді: "Қазақстан Тәуелсіздігініӊ ширек ғасыры топтасқан халықтыӊ ғана дамудыӊ таӊғажайып шыӊдарына жете алатынын көрсетіп берді. Біздіӊ еліміз өзініӊ табысты даму моделімен тұрақтылықтыӊ, бейбітшілік пен келісімніӊ қаншалықты маӊызды екенін көрсетті. Қазіргі заманғы әлемде барлық дамыған мемлекеттер - біртұтас ұлттар. Олар бірыӊғай экономикалық, саяси және мәдени рет-тәртіппен өмір сүреді, оларды дамудыӊ ортақ мақсаттары, жеке адамныӊ табысы мемлекеттіӊ қуатымен және табыстылығымен ажырағысыз байланысты екендігіне деген бірегей түсінік біріктіреді".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны