22.02.2008, 10:27 2834

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға 500 млн теңге бөлінді - премьер

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға 500 млн теңге бөлінді - премьер

Шымкент. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарымен күресу үшін қаражат бөледі және Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерін жұмылдырады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мен осында келерімнің алдында үкімет резервінен осы тасқынның салдарын жою үшін 500 млн теңге бөлу туралы жарлыққа қол қойдым", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов облыс әкімшілігінде болған жиналыста.

Сонымен бірге, төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Сарыағаш ауданының тұрғындарына көмектесу үшін Шымкентте төтенше жағдайлардың, өртке қарсы күрес қызметінің және әскерилердің күштері жұмылдырылып жатқанын хабарлады.

"Шымкент гарнизоны мен өрт қызметінің 100 адамы қазір Сарыағашта. Тағы 150 адам су астында қалған және қираудың аз-ақ алдында тұрған үйлерден халықты алып кету үшін Сарыағашқа жөнелтілуде", - деді ол жиналыс барысында.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында нөсер жаңбыр мен қар еруінің нәтижесінде Сарыағаш, Отырар және Арыс аудандарының 3 мыңнан астам тұрғын үйін су басқан. Тасқын кезінде шамамен 400 бас мал шығын болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны