06.05.2008, 10:59 1460

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандар электр қуатынан тапшылық көруде

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен аудандар электр қуатынан тапшылық көруде

Шымкент. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен Сарыағаш, Арыс және Ордабасы аудандары электр желілерін су шайып кету және подстанциялар өртену салдарынан электр қуатынан тапшылық көруде. Бұл жайында облыстық әкімшілікте кеңес өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеңесте хабарланғанындай, Сарыағаш, Арыс және Ордабасы аудандарында қазіргі бар электр желілері мен подстанциялардың қуаты жетіспейді, ал ондағы құрылыс жұмыстарын ескергенде электр тапшылығы өсе түспесе, кемімек емес.

"Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда қалыпты электр қамтамасыздығын қалпына келтіруге қанша уақыт пен қанша қаржы қажеттігін айқындау керек. Энергетиктер ақша тапшы деп отыр. Алайда, олардың тарифтері жоғары, пайда соған қамтылған", -деді облыс әкімі Нұрғали Ишімов.

Облыстық энергетика департаментінің бастығы Елікбай Тоқбергеновтың пікірінше, зардап шеккен аудандарда подстанция салмай-ақ күрделі ахуалдан құтылуға болады.

"Бюджеттен ақша бөлінген жоқ, бірақ біз өз тарапымыздан осы аудандарда электр қамтамасыздығын қалпына келтіруге дайынбыз. Біздің барлығын да электр қуатымен қамтамасыз етуге нақты мүмкіндіктеріміз бар. Жаңа подстанциялар салудың қажеті жоқ, істен шыққандарын жөндейміз", -деді ол.

Облыс әкімі үздіксіз электр қамтамасыздығын тез арада қалпына келтіру қажеттігіне нұсқап, бұдан былай әрбір ауданды өзінің бір орынбасары жауаптанатынын хабарлады.

Жұмыстардың жалпы барысы үшін жауапкершілік облыстық энергетика департаментіне жүктелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны