11.10.2006, 09:34 2817

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті ауыздықталды - Денсаулық сақтау министрі

АСТАНА. 11 қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті ауыздықталды.Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой үкімет отырысында мәлімдеді.

"Жұқпалы дерттің ошағы ауыздықталды,бірақ профилактикалық шаралар жалғаса береді",-деп атап өтті министр.

А.Дерновойдың айтуынша, "бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының тексеруден өтуі тиіс 10 мың. бала және 18 мың жүкті әйел, 4 мыңға жуық медицина қызметкері түгел тексеруден өтті". "Қатерлі дертке шалдыққан 76 бала және 8 ана анықталды", дейді А.Дерновой.

Денсаулық сақтау саласы басшысының сөзіне қарағанда, келесі жылы бюджеттен "қан құю барысында қауіпсіздікті қамтамасыз" ету үшін 1,3 млрд.теңге бөлінеді. Оған қоса, Шымкентте қазіргі заманға сай қан құю орталығын салу үшін қаражат бөлу жоспарда бар.

Жалпы айтқанда, денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2006 жылдың 1 қазанында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 6943 адам тіркелген, оның ішінде 369 көз жұмған. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі Қарағанды облысында анықталып отыр, екінші орында Алматы, үшінші орында Павлодар, төртінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы. ВИЧ жұқтырғандардың 74% есірткіге тәуелді жандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны