05.10.2006, 10:39 3128

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырғандармен байланыста болған барлық бала тексеруден өткізілді

ШЫМКЕНТ. 5-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырғандармен байланыста болған барлық бала тексеруден өткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұқарамен байланыс бөлімінен хабарлады.

"Біз тексеруді тоқтатқан жоқпыз. Қазір біз облыстан кетіп қалғандарды іздеп жатырмыз. Қазір еліміздегі барлық облыстық денсаулық сақтау департаменттеріне осы жерден кетіп қалған балаларға қатысты мәліметтер таратылды",- деді бұқарамен байланыс бөлімінің жетекшісі Нағима Жолдасова.

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен облыста тұратын 9035 бала тексерілді. ВИЧ індетін жұқтырғандармен байланыста болғандардың тізімінде 1143-і қалды. Олардың 255-і ата-аналарымен бірге облыс аумағынан шығып кетсе, 173 бала ВИЧ індетімен байланысы жоқ дерттен қайтыс болған, 65 ата-ана балаларын тексеруге әкелуден бас тартса, 659 баланың мекен-тұрағына іздеу жарияланды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыста 72 балада ВИЧ індеті анықталып, 6 бала қайтыс болып, біреуін АҚШ азаматтары асырап алған. 8 әйелден ВИЧ індеті анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны