09.10.2006, 14:08 3483

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа қан орталығы мен қазіргі заманғы стерилизациялық орталық салу мүмкіндіктері қарастырылуда

ШЫМКЕНТ. 9-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа қан орталығы мен қазіргі заманғы стерилизациялық орталық салу мүмкіндіктері қарастырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Жаңа қан орталығының құрылысы туралы мәселе шешу қажет",- деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында. "Қазіргі орталық жылына 8 мың литр қан жинауға жетеді. Салыстырма ретінде келтірер болсақ, Астанадағы қан орталығы жылына 15 мың литр қан береді. Ал Астана тұрғындарының саны 600 мың адамға тең. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 2,5 млн. адам тұрады. Жалпы алғанда қуаты шағын екі орталықтың күшімен біз жылына 14 мың литр қан береміз. Бұл әрине төтенше аз екені белгілі",- деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы.

Ал облыс әкімінің орынбасары Асылжан Мамытбековтың хабарлауынша, жаңа орталықтың жобасын жасау жұмыстары басталып кетті. "Біз Астанада салынуға тиіс қан орталығының техника-экономикалық негіздемесін сараладық. Онда қан орталығы 2 млрд. 400 мың теңгеге бағаланған. Егер қан өндіру бөлімін алып тастап, құрылыс конструкциясын осындағы сейсмикалық ахуалға сәйкестендірсек, онда 1,5 млрд. теңгеге құрылысты салуға болады",- деді әкімнің орынбасары.

Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев "бұл нақты сан", деп қарамағындағының сөзіне қосылды. "Қаржы сұраймыз. Бюджет жобасы парламентке кетіп қалды, бірақ біз депутаттар арқылы орталықты 2007-жылғы қаржыландыру жоспатына енгізуге талпынатын боламыз",- деді Ө.Шүкеев.

Штаб отырысында қазіргі заманғы стерилизациялық орталық салу идеясы да ұсынылды. "Біз облыстық балалар ауруханасындағы автоклавтардың жағдайын көрдік,- деді В.Дудник. - Олар тіпті сын көтермейді". "Батыста тіпті баяғыдан бері плазмалық және газды стрерилизаторларды, тіпті энецефалиттің қоздырғышын құртып жіберетін стерилизаторлар пайдаланылады. Сол себепті Шымкентте қазіргі заманғы техникамен жарақтанған орталықтандырылған стерилизациялық орталық салу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз", - деді В.Дудник.

"Өкінішке орай біз қазір осындай орталық салу құнын долбарлап та айта алмаймыз, Бірақ қазір жұмыс жүріп жатыр, сол себепті оны жалғастыру қажет",- деді ұсынысты қолдаған облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны