08.11.2016, 18:48 4377

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "Иже - ұлт ұйытқысы" байқауына қатысушы кейуаналар ұлт қалыптастыру туралы ой-пікірлерімен және өмірден алған ұлағаттарымен бөлісті

Қатысушылардыӊ барлығына ерекше алғысын білдірген Айгүл Сейітқызы қазақ халқындағы ақсақалдар мен әжелердіӊ тәрбиесініӊ ұлтты қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында ардагерлер кеӊесі мен әжелер алқасыныӊ ұйымдастыруымен "Иже - ұлт ұйытқысы" байқауы өтті, деп хабарлайды аудан әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бұған дейін ауданныӊ бірнеше аймағында әжелер арасында сайыс өтіп, аталған ақтық сынға өз аймақтарынан үздік шыққан жеті әже қатысты. Байқауға қатысушылар ережеге сай, бес кезеӊ бойынша өнерлерін көрсетіп, түрлі сындардан өтті. Мәселен, олар ұмыт бола бастаған дәстүрлерді сахналап, қазылардыӊ сұрақтарына жауап берді. Шеберліктері мен өнері де сараланды.

Көп жыл білім беру саласында еӊбек еткен қажымұқандық Р.Илсейітова, ұрпақ тәрбиесі бойынша үйретері мол шұбарсулық Т.Бөлекбаева, бесік жырын айтып, ұл-қыз өсірген бөгендік Ш.Қалымбетова, ауыл анасы атанып отырған бөржарлық Н.Үсенова өмірден түйгенін ортаға салды.

Ал домбыраны өмірлік серік еткен қарақұмдық А.Нысан "Еліміздіӊ өркендеп өсуіне, көп біздіӊ қосар әлі үлесіміз", - деп жырласа, 70 жасты желкелеген бадамдық әже Ж.Ибдірахманова "Жас кезден айтқан әнімді, 100 жаста да қоймаймын", - деп әуелетті. Сонымен қатар, Шұбар ауыл округі әжелер алқасыныӊ төрайымы Р.Ертай "Ау-жар" салтыныӊ мәні мен мағынасын айтып, ерте замандағы қалыӊ малдыӊ құрбаны болған қыздардыӊ мұӊын әнмен жеткізді.

Аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Т.Ибдіқайымұлы іс-шараны ұйымдастырушы, аудандық әжелер алқасыныӊ төрайымы А.Көкішеваға алғысын жеткізді.

Қатысушылардыӊ барлығына ерекше алғысын білдірген Айгүл Сейітқызы қазақ халқындағы ақсақалдар мен әжелердіӊ тәрбиесініӊ ұлтты қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, әркімніӊ жинақтаған білімі, игерген машықтары мен мотивациялар қоры - адами капиталға жатады. Оған инвестиция салу деп білім игеру, кәсіби біліктілік пен тәжірибе жинақтау, денсаулық сақтау, географиялық мобильділік, ақпарат іздестіру саналады.

Қазіргі заманда кез-келген кәсіпорын мен тұтастай алғанда қоғамныӊ өміршеӊдігі мен дамуыныӊ қайнар көзіне көбінесе адами капитал айналып отыр. Құрал-жабдықтар мен өндірістік қор емес, дәл осы адами капитал кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін, экономикалық өсім мен жалпы экономикалық тиімділікті арттырудыӊ бірден-бір шешуші факторы болып табылады.

Жаӊа заманда кәсіпорындардыӊ бәсекеге қабілеттілігін елеулі арттыру үшін адами капиталды дамыту қажеттігі өсе түсіп отыр. Өз қызметкерлерініӊ білім игеруіне, кәсіби біліктілігін арттыру мен денсаулығына барынша назар аударатын фирмалар ғана артықшылықтарға ие.

Қазақстанды дамытудыӊ бір маӊызды бағытыныӊ бірі - адами капиталға инвестиция жұмсау. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтқан болатын. Бұл - XXI ғасыр талабы. Осы ғасырда материалдық-өндірістік база емес, адами ресурстар шешуші факторға айналды. Еӊ алдымен халықтыӊ білім деӊгейі, адамдардыӊ білімі мен машықтарыныӊ маӊызы арта түсті.

Қазақстанда жүргізіліп отырған саясат әлеуметтік бағдарда. Президенттіӊ әр жолдауында жұмыспен қамтуға ықпал ету, халықтыӊ кірісін сақтау және әлеуметтік тәуекелдер ушыққан жағдайда келтірілген шығынныӊ орнын толықтыру бағытындағы қадамдар айтылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны