30.01.2007, 15:03 3322

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сот процессінде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры өзінің кінәлі емес екендігін мәлімдеді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сот процессінде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры өзінің кінәлі емес екендігін мәлімдеді

ШЫМКЕНТ. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Айыпталушы Нұрсұлу Тасмағамбетова өз кінәсін мойындамай отыр және де оның пікірінше оңтүстік қазақстандық балаларға ВИЧ індетін қастандықпен жұқтырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілішісі.

Шымкентте кеше кешке Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты өткен сот отырысында судья өткен аптада тағылған айып жөнінде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Н. Тасмағамбетованы тыңдады. Н. Тасмағамбетова өзін кінәлі деп санамайтындығын мәлім етті. Ол сотқа департаменттің ВИЧ індетінің алдын алу және оның ошағын жою үшін қандай жұмыстар жүргізілгендігін айтып өтті.

Айыпталушы, балаларға ВИЧ індетін жұқтыру қастандық әрекеттің салдары болуы әбден мүмкін екендігін айтты.

Сонымен қатар, кешкі сот отырысында судья Зиядинхан Пірнияз таңертеңгі отырыста айыпталушылардың адвокаттарының мемлекеттік айыптаушы - прокурор Нұрлан Құлбаевты сот процессінен алшақтату туралы талаптарын қабылдады.

Бұрын хабарлағанымыздай, адвокаттар Н. Құлбаевтың алшақтатылуы туралы мәлімдемелерін сот процессінің бірінші күнінде, 19-қаңтарда жасаған болатын. Адвокаттардың ақпараттарына сүйенсек, Н. Құлбаев алдын ала жүргізілген тергеу ісіне қатысқан, тіну жүргізген, жауаптар алған және тағы басқа да тергеу істеріне белсенді қатысқан, сондықтан да заңға сәйкес ол сот процессіне айыптаушы ретінде қатыса алмайды. Ол кезде сот қойылған талапты қанағаттандырмаған болатын, бұл адвокаттардың сот процессінен судьяның алшақтатылу туралы сұраныс түсіруіне әкеп соқтырған, бірақ ол ұсыныс та қанағаттандырылған жоқ. Кешегі отырыста адвокаттар прокурордың алшақтатылуы туралы қайтадан талап қойған. "Біз алдын ала жүргізілген тергеу ісіне, тінту жүргізуге және басқа да тергеу істеріне белсенді қатысқан прокурор Н. Құлбаевтың сот процессінен алшақтатылуы туралы мәлімдеме жасадық. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 90-бабына сәйкес тікелей алшақтатылуға жатады",- деді адвокат Николай Кемер.

Зардап шегушілердің өкілдері мен зардап шегушілердің өздері прокурордың алшақтатылуына қарсы екендіктерін білдіре отырып, айыпталушылардың адвокаттарының бұл әрекеттерін сот процессін созу деп бағалады. "Бізге сот процессінің тез өткені керек. Сіздер жалғыз нәрсені ойлайсыздар. Қазір жетпістен астам ана әрбір сот процессіне өз балаларын үйде қалдырып келеді, осылай екі апта бойы жүрміз. Және де олар ауылдық жерлерден келеді, бұл материалдық тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да шығын әкеледі. Ирине, біз адвокаттардың әрекеттеріне наразымыз. Ал адвокаттар кейінге қалтыра береді, себебі оларға осы үшін ақша төлеп отыр",- деп мәлімдеді "Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының төрағасы Сағдат Масауров.

Айыпталушылардың адвокаттары, прокурордың алшақтатылуы сот процесінің созылуына ешқандай әсер етпейді, деп санайды. Ал жаңадан сайланған мемлекеттік айыптаушы бейсенбі күні болатын сот отырысына қатыса алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19-қаңтарда Шымкентте балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты сот ісі басталған болатын. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны