21.10.2016, 08:50 4439

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі БАҚ басшыларымен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Жаӊа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ" тақырыбындағы ІІ республикалық журналистер форумына қатысушы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті.

Шымкент. 21 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Жаӊа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ" тақырыбындағы ІІ республикалық журналистер форумына қатысушы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шығармашылық өкілдерімен болған кездесуде әкім басылым - мемлекетіміздіӊ тыныс-тіршілігі мен айнасы екенін айтып, республикалық форумға арнайы келгендері үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Өз кезегінде, қаламгерлер де аймағымыздыӊ күннен-күнге дамып келе жатқан үлгілі өӊір екенін тілге тиек етіп, күнгей өлкеніӊ игі бастамалардыӊ ордасы, еӊбекқор өлке екенін атап өтті. Оӊтүстіктіӊ ақпараттық кеӊістігі дамыған аймақ екеніне тоқталған қарымды қаламгерлер біздіӊ облыстан үйренер істіӊ көп екенін айтты.

Жиын соӊында Жансейіт Түймебаев БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тілеп, бүгінгі форумда талқыланған мәселелер қоғамдағы күрделі проблемаларды шешуде септігін тигізеріне сенім білдірді.

Айта кету керек, Оӊтүстік Қазақстан облысы БАҚ саны жағынан республикада екінші орында. Қазіргі таӊда облыста 239 БАҚ жұмыс жасаса, оныӊ 171-і газет, 38-і журнал, 13-і телеарна, 4-і радио және 13-і интернет сайт.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіӊ жаӊа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық интеллигенцияныӊ рөліне тоқталды.

Біз мемлекеттілігіміздіӊ рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеӊіне келіп отырмыз.

Рухани дамуда негізгі рөлге әрқашан интеллигенция ие.

2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс.

Біздіӊ қоғамымыздыӊ қазіргі көзқарастарыныӊ негізін дәл осы интеллигенция беруі керек.

(1) Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеӊінде жаӊа жалпыұлттық құндылықтар жасауда алдыӊғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай және болашаққа құлшынысты болуға тиіс.

Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздыӊ жаӊа қаһармандарын көрсету және жасауымыз керек.

(2) Интеллигенция меніӊ пайымдауымдағы Қазақстан-2050 Жаӊа саяси бағыты негізінде ел болашағыныӊ ментальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға ала алады және алуға тиіс.

(3) Біз ұлттыӊ тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек.

Бүкілқазақстандық бірегейлік біздіӊ халқымыздыӊ тарихи санасыныӊ өзегіне айналуға тиіс.

Бүгінде кез келген этносқа жататын немесе дінді ұстанатын қазақстандық - өз елініӊ теӊ құқықты азаматы.

Қазақ халқы және мемлекеттік тіл даму үстіндегі қазақстандық азаматтық тұтастықтыӊ біріктіруші ұйытқысы болып келеді.

Біз: "Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!" - деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз.

Бүгінде біздіӊ азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.

Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз.

Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отаныныӊ тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамныӊ іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтыӊ негізіне айналдырдық.

Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардыӊ әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек, деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны