11.12.2006, 11:22 2654

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі "Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының мейлінше ашық жұмыс істеуін талап етуде

ШЫМКЕНТ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі "Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының мейлінше ашық жұмыс істеуін талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қорға қатысты кез-келген кері көріністерді жою керек. Өйткені олар қорға қаржы аударуға ниет білдірушілер санының кемуіне әкеліп соғуда",- деп мәлімдеді Өмірзақ Шүкеев ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың жиынында.

Штабтың отырысында "Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының қамқоршылар кеңесі құрылды. Оған облыстағы беделді қоғам қайраткерлері енді. "Біздің мақсат - қор қаржысын кәсіби басқаруға көмектесу",- деді Ө.Шүкеев.

"Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының төрағасы Сағадат Масауров штаб жиынында қорға келіп түскен қаржы мен оның жұмсалуына қатысты 2006-жылдың 1-желтоқсанына дейінгі ахуалға қатысты есеп берді. С.Масауровтың хабарлауынша, қазір қорда алты адам бар, олардың жалақы қоры 230 мың теңгеге тең. Оның айтуынша, жалпы қор есепшотына 169 млн. 768 мың теңге аударылған, оның 106 млн. 701 мың теңгесі жұмсалды.

"104 млн. теңге балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналарға таратылды. Сонымен бірге 590 мың теңгеге кеңсе техникасы сатып алынып, 639 мың теңге банк қызметі үшін төленді. 78 мың теңге іссапарлардың төлеміне, 200 мыңдай теңге жалақы түрінде таратылды. Бұған қоса балалардың "Алатау" шипажайына сапары қаржыландырылды",- деді С.Масауров.

Еске сала кетейік, бұған дейін қор төрағасы С.Масауров індет жұқтырған балалардың ата-анасының мүддесі дегенді желеу етіп қорға келіп түскен және жұмсалған қаржыға қатысты ақпаратты жария етуден бас татқан болатын. Осыған байланысты БАҚ-тарда сыни мақалалар жарық көрді.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 81 бала мен 11 әйел анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны