15.01.2018, 15:42 5293

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бас мүфтимен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті.

Шымкент. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен кездесті.

Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайта түсу, дін қызметкерлерініӊ білімі мен тәжірибесін шыӊдау, жат ағымныӊ арбауында кеткен жастардыӊ дәстүрлі дінімізге оралуына жан-жақты ықпал ету жайында өзара пікір алмасты.

Облыста діни ахуалдыӊ тұрақты екенін айтқан аймақ басшысы Елбасыныӊ сарабдал саясатыныӊ нәтижесінде бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, көп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отырғанын жеткізді.

"Бүгінгі таӊда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақы қаймағы бұзылмаған Оӊтүстік өӊірде діні бөлек болса да тілегі бір түрлі этнос өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүріп келеді" - деді облыс әкімі.

Өз кезегінде бас мүфти діни білім беру мәселесіне тоқталып, жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудіӊ маӊыздылығын айтты. Сонымен бірге мұсылмандардыӊ рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандырып, қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін сөз етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны