21.03.2018, 20:05 5139

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Сарыағаш ауданы тұрғындармен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев Ұлыстыӊ ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаӊында Сарыағаш ауданы Абай елдімекенінде болып, ел ағаларымен, ауыл тұрғындарымен кездесті

Шымкент. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев Ұлыстыӊ ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаӊында Сарыағаш ауданы Абай елдімекенінде болып, ел ағаларымен, ауыл тұрғындарымен кездесті. Басқосуда өӊір басшысы Наурыз - татулыққа бастайтын мейрам екенін айта келе, тұрғындарды ынтымақпен бірлесе еӊбек етуге шақырды.

"Мемлекет ретінде қалыптасып, Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне ширек ғасыр ғана болған бізге татулық пен ынтымақ өте қажет. Сарыағаш шекаралық аймақта орналасқан стратегиялық аудан. Мұндағы халықтыӊ өсімі өте жоғары. Сондықтан да елдіӊ әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында Елбасымыздыӊ қолдауымен жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мұныӊ бәріне елдегі тұрақтылық пен бірліктіӊ арқасында қол жеткізіп отырмыз. Осы жетістіктерімізді ел ағалары мен тұрғындары қолдап, қуаттап отырса, бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз мол", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, облыс әкімі кездесу барысында Абай ауылында орын алған оқиғаға да тоқталды. Бұл мәселемен тиісті құзырлы органдардыӊ айналысып жатқанын айта келе, болшақта мұндай жағдайлардыӊ орын алмауы үшін ел ағалары, ауыл билері бірігіп жүйелі түрде жұмыс істеу керектінін мәлімдеді.

Кездесуде сөз алған ауыл биі М.Ілесбеков ел ішіндегі түрлі мәселелердіӊ дер кезінде шешілуіне барлығыныӊ да мүдделі болып, жұмылу қажеттігін жеткізді.

Жиын соӊында облыс басшысы сарыағаштық тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елімізде тыныштық пен берекеніӊ салтанат құруын тіледі.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны