22.05.2008, 18:25 3036

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы "Шымкентцемент"АҚ шығарған цементті сататын фирмалық пунктерін ашуды талап етіп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы "Шымкентцемент"АҚ шығарған цементті сататын фирмалық пунктерін ашуды талап етіп отыр

Шымкент. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Фирмалық пунктер арқылы сатылатын цемент тұрғындар үшін цементтің сауда-саттығын жасайтын алыпсатарлар мен делдалдарға тосқауыл болады. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ислам Ибішев "Шымкентцемент"АҚ бас директоры Энтони Маклимен кездескен кезде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қалада сіздер үшін бес алты сауда пунктерін бөліп береміз, бірақ сіздер цементті бір бағамен және фирмалық белгісі бар қапта сататындықтарыңызға кепіл беріңіздер ", -деді Ислам Ибішев.

Э. Маклидың айтуынша, бұл мәселе аса маңызды болғандықтан мұндай пунктерді ашуға көмек беретінін айтты, бірақ "Шымкентцемент" АҚ үзіліссіз сауданы қамтамасыз ете алалатынына байланысты күдіктенді.

"Біз өндіріп отырған цементтің көлемі мардымсыз, ол жалпы көлемнің 5 пайызын құрайды. Алайда кәсіпорынға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау арқылы жалпы көлем бойынша цементті 20 пайызға ұлғайтуды көздеп отырмыз", -деп хабарлады Э. Макли.

Бүгінгі кезде "Шымкентцемент" АҚ "мемлекеттік бағдарлама бойынша тасымал көлемінің үлкен болуына байланысты" жеке тұлғаларға цемент сатпайды. Кәсіпорында сонымен бірге "фирмалармен цементті сату жөніндегі келісімдер уақытша жасалмай тоқтатылды".

Алайда шымкенттің бөлшектеп сататын базарларында "Шымкентцемент" АҚ өнімдері жеткілікті көлемде сатылуда. Көбінесе жеке сатушылар кәсіпорыннан цемент тасығышымен шығарылатын өнімді өздері бөліп, оның салмағын тура өлшемейді. " 50 келілік қағаз қабын сатып алсаңыз, оның ішінде 45-46 келі цемент болады ", -деді И. Ибішев.

Шымкентте бүгінде бір цемент қаптың құны 1000-1200 теңге (тоннасы 20-24мың теңге).Ал "Шымкентцемент"АҚ зауыты М 400 цементін жіберіп отырған бағасы 12 мамырдан бастап 12 мың теңгені құрайды. Бір тонна цемент бағасы екі мыңға қымбат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны