02.02.2007, 19:04 2908

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры балаларға ВИЧ індетін жұқтыру қаскүнемдік деген болжам айтты - процесске қатысушы

ШЫМКЕНТ. 2-ақпан. Kazakhstan Today. Балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша "немқұрайдылық" айыбы тағылған Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова, балалар арасында ВИЧ індетін тарату біреудің қаскүнемдік ісі болуы мүмкін, деген болжам айтты. Бұл туралы бүгін Шымкентте кезекті сот отырысында жәбірленушілердің өкілі - "Балаларды СПИД-тен қорғау" қорының төрағасы Сағдат Масауров хабарлады.

"Н. Тасмағанметова балаларға ВИЧ індетін қаскүнемдікпен жұқтырған деді. М.мкін, осы қастандықты оның өзі ұйымдастырған болар?",- деді С. Масауров.

Бүгінгі С. Масауровтың мәлімдемесінен кейін, Н. Тасмағамбетованы қорғаушы адвокат Сапар Иміртаев Балалар қорының төрағасының процесске қатыспауы туралы мәселені қарауды өтінді. "Ол күн сайын намысқа тиеін сөздер айтады, отырыс барысында жанжал тууына түрткі болады",- деді С. Иміртаев.

Басқа айыпталушылардың адвокаттары да оның сот процессінен алшақтатылуы туралы ұсынысты қолдады, бірақ бұл ұсыныс прокурор мен жәбірленушілердің адвокаттарынан қолдау тапқан жоқ. Сот бұл ұсынысты қабылдамады, дегенмен С. Масауровқа бірінші ескерту жасады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтарда балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты сот процессі басталған болатын. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 89 баладан табылған, олардың сегізі көз жұмса, біреуін шет елге асырап алып кеткен. Сондай-ақ, ВИЧ індеті 12 баланың анасынан табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны